Бердібекті ұятқа қалдыруға дәті қалай барды десейші…

berd«Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты!» деген осы. Жік бүгін шыққан жоқ. Оның құлағы елеңдеп тұрғалы біраз болған.

Осы футболдағы қаржы реформасын жасаған да осы Бердібек Сапарбаев еді. «Ақтөбе» футбол клубының былық-шылығын шығарып, жалпы қазақ футболында миллиондаған еуро алып, түк іс бітірмей жүрген талай легионердің шаңын қағып алып еді. Бүткіл Қазақстан футболы дүр сілкініп, ішкі қаржылық жағдайын түзей бастаған.

Жалпы мөлдірлік танытып, өзінің ішкі қаржы мәселесін жаһанға жария еткен де осы клуб болды. Жария ету былай тұрсын, футболшылардың айлық жалақысын ашық көрсетемін деп басы бәлеге қалған «Ақтөбе» клубының бас директоры Дмитрий Васильев мырза таяуда абақтыға жабылды, уақытша, әрине. Мәселенің анық-қанығы белгілі болғанша. Я белбеу, я бел кететін кезді күтіп отыр.

Онсыз да өз жұмысы бастан асатын, тірлігі шаш етектен облыс әкімі клубты назардан сәл тыс қалдырған еді, ендігі іс мынау. Бас директор 300 млн теңге қымқырды деген айыппен қамауға түсті.

«Дмитрий Васильев менің үмітімді ақтамады. Еуропа Лигасындағы алғашқы матчта жеңіске жетемін деп еді. Премьер-лигада төртінші орын аламыз деген уәдесін де орындамады. Қазір себеп-салдарларды қарап жатырмыз, меніңше, ол өз орнын босататын шығар. Өйткені уәде орындалмады» деп өз наразылығын білдірген. Бұл бергі жағы екен. Өткенде жазғанымыздай, Щеткин ай сайын 9, ал Смақов 6 млн теңге жалақы алып келген. Өзгелері бұдан сәл-пәл аз, кейбіреуі, тіпті, мардымсыз жалақы алған. Тексеріп келгенде, үздік алтылықтан орын алғаны үшін бапкерлер мен футболшыларға 69 млн теңге сыйақы төленген. Ал оның 15 млн-ын Васильевтің өзі алған. Жергілікті «Диапозон» газетінің айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл күндері «Ақтөбе» ФК-ны тексеру үстінде.

 Әрине, Сапарбаев секілді барлық саланы бес саусақтай білетін мықты басшы таяу арада мәселенің анық-қанығын біліп, қазақ футболының, оның ішінде, Ақтөбе футболының болашағын ойлайтын, жергілікті аяқдоп шаруашылығын екі аяққа нық тұрғызатын азаматты табар деген ойдамыз.

Д.ӘЛІ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!