Қазыбек бидің 60 миллионға бағаланған шапаны қайда?

nik_2387Астанадағы Ұлттық музейдің құнды жәдігерлерінің бірі –  Қазыбек бидің шапаны. Шапанды  біраз жыл бұрын бидің ұрпағы Алтын Қожахметов деген ақсақалдың өзі музейге табыстаған болатын.  Соншама уақыт бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жетіп отырған шапанның әбден тозығы жеткен еді. Сонымен қатар шапанды қадір тұтқан халық оның әр шетінен тәбәрік ретінде жыртып алып кеткен. Шапанды Ұлттық музей реставраторы Тұрсынгүл Жайлаубаева қайта қалпына келтірген соң, экспозицияға қойылған. Шеберлер шапан тігілген парша деген материал мен алтын жіптерді іздеп сонау Бұхараға дейін барып қайтқан. Шапанның қазіргі қаржылық құны 60 миллион теңгеге бағаланған. Жайлаубаеваның айтуы бойынша шапан өте бағалы материалдан тігілген. Шапанның жиектері мен өңірі алтын және күміс жіптермен зерленген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!