Азияда мықтымыз, әлемде әлсіздер қатарында жүрміз

su_dobyСу добы кезінде Қазақстанның мақтанышы еді. Еліміздің «Динамо» ерлер командасы КСРО-ның чемпионы да болған. Жүлденің түр-түрін көрген.

1982 жылы Мәскеуде КСРО біріншіліктерінің бірнеше дүркін чемпионы жергілікті ЦСКА ВМФ командасын тас-талқан етіп ұтып, одақ чемпионы атанғаны әлі есімде. Өз көзіммен көргендіктен бе жадымнан әлі шығар емес.

КСРО құрамасында қазақтың Нұрлан Меңдіғалиев, Ерлан Аяпбергенов және Асқар Оразалинов секілді сайыпқырандар ойнаған. Үшеуі де Одақтың бас командасының негізгі ойыншылары еді. Одақ ыдырағаннан кейін Қазақстан жеке команда болып шықты. Әзірге біз Азияда ғана мықтымыз.

Азия ойындарында бес рет жеңімпаз, бір рет қола жүлде, Азия чемпионатында төрт рет жеңімпаз, бір күміс, бір қола. Мықты жетістік.

Олимпиадада тоғызыншы орыннан, ал әлем чемпионаттарында он бірінші орыннан көтерілген емеспіз.

Міне, биыл тағы да сарықұрлықта су спорты түрлерінен өтіп жатқан чемпионатты табысты бастадық.

Тағы да Азияда жеңіске жететін шығармыз. Ал әлем чемпионаты, Олимпиада ойындарында қашан биіктен көрінер екенбіз? Нұрлан, Ерлан, Асқар секілді алыптар қашан туар екен?

Шүменов шіреніп тұр…

beibitБекерге емес. Шүменов туралы әңгіме көп. Өзі көп сөйлемесе де, өз-өзін насихаттауға ұмтыла бермесе де. Шаршы алаңға жиі шыға қоймаса да, жұрттың есінде.

Б.Шүменов – жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген кәсіпқой боксшы. Жартылай ауыр салмақта WBA-super (2010-2014), IBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.WBA (2016-б.д.)тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта тұрақты әлем чемпионы, WBA (2015-2016) тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлемнің уақытша чемпионы.

Әуесқой бокста да талай олжа салған. Индияда 2003 жылы өткен бірінші Афро-Азия ойындарының күміс жүлдегері;

2004 жылы Филиппинде өткен Азия чемпионатының жеңімпазы;

2004 жылғы Олимпиадаға қатысушы, осы төрт жылдың толағай бәсекесінде бірінші турда поляк Алексей Кузимскийді ұтқанымен, қолы сынып, жарыс жолынан шығып қалып, үш жыл бойы шаршы алаңның маңына жоламай кетеді.

Олимпиададан кейін боксты тастап, заңгер дипломын алып отбасылық бизнеске бет бұрады, алайда спортттың әсер-ықпалы ерекше еді.

Түрлі жолдармен кәсіпқой боксқа келеді.

Кәсіпқой бокстағы (жартылай ауыр салмақ) алғашқы жекпе-жегін 2007 жылы У.Эдвардаспен өткізген Шүменов алғашқы раундта-ақ нокаутқа түсіреді.

Сонымен, Б.Шүменов бүгінге дейін 19 жекпе-жек өткізіп, оның 17-сінде жеңіске жетіп (11 нокаут), екеуінде жеңілген.

Осынау жарыс жолында бұрынғы әлем чемпионы М.Грифинді, белгілі былғары қолғап шеберлері Б.Митчелді, Г.Кампильоны, В.Узелковты тізе бүктірді.

Шүменов карьерасындағы ең қиын жекпе-жек IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық атақты ардагер боксшы Б.Хопкинспен өткен ұрыс. Бұл сында ұпай санымен Хопкинс жеңіске жетті.

Шүменов осы атақты әріптесімен жұдырықтасу үшін 25 келі салмақ қуған болып шықты. Оңай емес. Екі-үш келі байқалмас, бес келіден жоғары салмақ қуғандар шаршы алаңда қаңғалақтап жүреді. Ал Бейбіттің құламай қалай жүргеніне таңқалғанымыз бар сонда.

Соңғы жылдары тым сирек шығып жүр. Головкин бір жылда кемі үш кездесуден өткізсе, Шүменов жылына бірден аспай тұр.

Енді Шүменов Хьюстон немесе Лас-Вегаста алдағы жылдың 4 немесе 11 ақпанында кубалық тарлан Ю.Дортикоспен кезекті жекпе-жегін өткізеді.

«Дортикос мен туралы ойына келгенін айтып жүр. Маған бәрі бір. Айта берсін. Мен оны бәрібір 12-раундта нокаутқа түсіремін. Жиі «төбелескім» келеді, кіммен, қайда болса да. Биыл тек бір рет қана жұдырықтастым. Өз-өзіңнің өскеніңді көру үшін жиі-жиі шаршы алаңға шығып тұру керек. Менің мақсатым – ең үздік ауырсалмақтағылармен жылына үш немесе төрт кездесу өткізу» дейді Б.Шүменов.

         Шүменов шіреніп тұр. Өзіне жарасады. Күшіне сенетін шығар.

Өзгенікі таңсық та, біздікі қаңсық па?

B

Артынан әупірімдеп Чероповецте «Северстальды» обер-таймда 4:3 есебімен ұтты. Ал кеше Мәскеуде 2:4 есебімен ЦСКА-дан тағы да ұтылып қалды.

«Енді қалай болар екен?» деп алаңдап отыратын болдық. Андрей Назаровтың кезіндегі мықты команда бүгінде түсініксіз ұжымға айналған. Бірде ұтады, бірде ұтылады. Қашан ұтып, қашан ұтылатынын да білмейсің, болжам жасап отырғаның ұдайы.

Бапкер таңдаудың жүйесін білмейміз әлде әдейі білгіміз келмейді. Әйтпесе, жұрт командаға таңдап жүріп маман әкелсе, біз біреудің қаңсығына таңсық болып жүреміз. Әйтпесе, Занковец кім – ортақол маман ғана. Мұндай маман өз ортамыздан да табылады.

Команданың қамын ойлаған адам ұжымды алға сүйрейтін танымал маманды таңдайды. Ондай жолда ақша сөз емес.

Ақшаны неден үнемдеу керектігін білмейтінімізге өкінемін.

Васильевтің Сапарбаевта не жұмысы бар екен?..

berdibekФото tengrinews.kz

Мына Васильев деген сұмдық екен. Сұмдық дегенде, басына іс түскенде бәрін, айналасын, түгел сатып кететін азамат болып отыр. Әрине, «басқа түссе баспақшыл» дейді. Қорғануы, өзін-өзі ақтап алуға тырысуы керек қой. Оған ешкім де, тіпті, заң да қарсы емес.

Ал мына Васильев бірден әкімді кінәлілер қатарына қосты. Әкімнің футболдан басқа жұмысы жоқтай. Васильевтен басқа «жалғызы» (әлде «жалмауызы») жоқтай. Күнде Васильевті шақырып алып әртүрлі «форматта» әңгімелесіп отыратын Бердібек ерігіп жүрген азамат емес. Басты назарда елдің қамын аумақтың ертеңін, бүгінін ойлау. Саясатты бақылау.

Бас директорды тыңдап отырсаң, жағаңды ұстайсың, Бердібек Мәшбекұлы ұдайы осы «Ақтөбенің» қасында, Васильевтің жанында жүруге тиіс немесе жүрген секілді. Логикасы да сұмдық Диманың. Оның сөзіне қарап отырып, қисынсыз нәрсе байқамайсың, ақша жағынан да, басқа жағынан да. Енді бұл мәселе бойынша кімнің кім екенін құзырлы орган шеше жатар.

Бір айтпағымыз, Бердібектің негізгі мақсаты орындалып отыр. Ол – облыстың бас командасында жергілікті футболшылардың ойнай бастауы. Мұны Васильев өз пайдасына шешуге тырысыпты. «Кәкімов, Қайыров, Әбдікәрімов, Жұмашев, Трофимец, Скворцов және Бойчук секілді жергілікті жеті футболшы ойнады» дейді бас директор. Бұл, біздіңше, облыс әкімінің идеясы. Әйтпесе, Васильевке бәрібір емес пе, оған жеңіске тез жетудің амалдары керек. Сол үшін легинерлердің көмегіне жүгінуге тура келеді. Бірақ оның алдына Бердібек мырза негізінен екі мәселе қойды деп ойлаймын. Біріншісі, неғұрлым жергілікті ойыншыларды көп ойнату, осы өңірде тұратын жастарды тәрбиелеп шығару. Екіншісі, премьер-лигада төртінші орыннан төмен түспеу. Бірінші, мақсат орындалған секілді. Өйткені бұл әкімнің, тиісті мекемелердің назарында тұр. Ал екінші мақсат орындалмай қалды.

Әкім Васильевке осы үшін риза емес. Ал оның қаржы мәселесінде жұмысы жоқ. Ол енді, әлгінде айтқанымыздай, құзырлы орынның жұмысы.  Олар қазір жан-жақты тексеріс жасап жатыр. Көп ұзамай, нәтижесін де айтып қалар.

Біздің таңқалып отырғанымыз, Васильевтің көкейінде өзім кетсем, Сапарбаевты да кінәлі етеп кетем деген сасық ой тұр.

Сапарбаевтың қаржыда не жұмысы бар. Өзі айтқандай, обылыс әкімі «Ақтөбе» клубының жалпы даму саясатын анықтайды», қалғаны бас директордың (қаржы), бас бапкердің (жалпы футболшылардың ойнау шеберлігі) жұмысы.

Әкімнің сөзі де, өзі де дұрыс.Васильев басқа бір қулық ойлап табуы керек еді. Алда көре жатар, әлі де уақыты бар оның.

Бұл тағы да біреулердің тапсырысы ма, әлде…

stoilovФото tengrinews.kz

Мына сайт тағы да тыныш жатқан елдің құлағын шулата бастады. Жабысқан жерден қан алмай қоймайтын кене секілді бәле екен. Ерлан Қожағапановтың артынан түсіп жүріп, ақыры ҚФФ президенті деген лауазымнан алып тынды. Ешкімнен қыңбайды деген Дмитрий Васильев деген Ресей маманын да біреулерді салып жүріп «Ақтөбе» ФК бастығы қызметінен шеттетіп қана қоймай, абақтыға жауып тастаудың алдында тұр. Енді, міне, қазақстандық маман, қазақ бапкері Талғат Байсопынов мырзаны ұлттық құрама басшылығынан құртуды көздеп, түрлі құйтырқы жолдарды іздеуге көшті.

         Алдымен, артынан сөз салдырды: мықты-мықты мамандарға жамандата бастады.

         Екіншіден, ВКонтакте әлеуметтік желісінде арнайы сауалнама жүргізіпті. Ал бұл желіде кім отырады? Негізі, шетелдіктер және анау-мынау алданып қалатын жастар, орыстілді ұлттық намыстан жұрдайлар.

         Ол сауалнаманың нәтиесі, әрине, өзгелерге бұрып тұр.

«Астананың» бас бапкері С.Стойловқа – 29,8%, словакиялық маман В.Вайссқа (бүгінгі Грузия құрамасының бас бапкері) – 16,6%, ұлттық құраманың қазіргі бас бапкері Т.Байсопыновқа– 12,9%, ресейлік маман Юрий Красножанға 12,5% дауыс беріліпті. Ал 10,9% дауысқа ие «жанкүйерлер» шетелден басқа бапкер әкелу керек депті. Тағы бір ресейлік В.Муханов – 9,3%, екінші болгар Д.Димитров 7,9% дауысқа ие.

         Бүйте берсе, бұлар түбі алып тынбайтын шығар. Алда-жалда (ол жолды қалап отырғанымыз шамалы) Талғат Маруанұлы «тақтан» түсе қалған жағдайда, бұл орынға Стойловтың келгені дұрыс шығар. Қазақ футболын өрге сүйреуге ерекше ұмтылып жүрген азамат осы әзірге. Ал оның оң қолы ретінде бізге бір тиынға да керек емес Бабаяндардың бірінің орнын Талғат Байсопынов бассын. Болгариялық маманнан алған тәлім-тәрбиесін, тәжірибе-өнегесін ертең елде алып қалатын сол болады.

Д.ӘЛІ

1 комментарий

  1. China Ответить

    Why does this have to be the ONLY relbaile source? Oh well, gj!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!