Серік Абас-шах министр мен депутаттарға «біртүрлі» ұсыныс жасады

kuanyshАТҚАМІНЕР БАУЫРЛАРҒА ҰСЫНЫС:

ҚУАНЫШ АҒА, сізге төтесінен айта салайын: жастарға тезірек орын беріп, немере-шөбереңіздің ортасына барыңыз. Кемел жасқа келіп, кемеңгер қария атанудың орнына, келеке-мазақ кейіпкеріне айналдыңыз. Қауашағы бар адамға, «әдемі қартаю» да даналықтың белгісі…arystanАРЫСТАНБЕК, ата-анаңыз ырымдап, «аң патшасының» атын бекер қоймаған болар? Саяси саxнада қашанғы «цирк кейіпкері» болып жүре бермексіз? «Жақсы ит те өлігін көрсетпейді». Зоопаркте қамалып отырған аң емессіз ғой, өз еркіңізбен кетіңіз.

bekbolat –БЕКБОЛАТ, кей жазбаларымда, қатты кетіп қалатынымды сеземін. Артық айтсам, ғафу өтінемін. Бірақ, ел сыйлаған Бекболаттың абыройын біз емес, «төрт аяқты» Бекболат түсіріп жатқан жоқ па? Намыс — сіз шығарған журналдың аты ғана емес. Ол әр жігіттің азаматтық қасиеті. Сол қасиетті өз аяғыңмен таптай бермей, мандатты тапсырып, өнер ордасына қайта оралсаңшы. Әлі де кеш емес…

Айтпақшы: Жоғалған абыройды «госзаказбен» қайтара алмайсыздар. Оған АП-ның звоногы да көмектеспейді.

Серік Абас-шахтың Facebook-тегі парақшасынан.

фото ratel.kz

3 комментария

  1. Арман Ответить

    Жарайсың Серік қатырдың, тек мына Бекболат азаматтық қасиетін ТӨРТ АЯҒЫМЕН таптағанын атап айта кеткен жөн 😉
    Ал Арыстан цирктен тек қана ұрғашыларға қарап алдыңғы аяғын көтеруді үйренсе керек. Қуаныш шал сол шал қалпында қалады, оған енді ақсақалдың ауылы жеткізбейді…

  2. шакен Ответить

    сұлтанов ағамыздың уақыты жетті ғой. бірақ жоғарғы жаққа осы сияқты кісілер керек сияқты ал министріміз бізге қол жетпейтін аспандағы ай секілді. ауыл мәдениетіне басын ауыртатын адам қашан келер екен… бекболат сияқты кісілер аз, сондықтан ол азаматтың қай тентектігін де кешіруге болады. қазір орып орып бекең сияқты айтатын адам аз…

    1. Topher Ответить

      Stands back from the keyboard in ammanzeet! Thanks!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!