Назарбаевтың бұрын жарияланбаған фотолары көрмеге қойылды

d4s_0269Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында  «Sputnik Қазақстан» ақпараттық агенттігі және радиосымен бірлесіп ұйымдастырылған «Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылғы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.

d4s_0266

Фотокөрменің ашылуында ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Бүгін сіздердің назарлаңызға отыздан астам жұмыс тартылып отыр. Мұның барлығы 25 жылдық тәуелсіздігіміздің объективте сақталған тарихы десек те болады» деді.

«Sputnik Қазақстан» ақпараттық агенттігі және радиосының жетекшісі Ольга Коваленко көрме жөнінде:«Тәуелсіздік алған 25 жылда біз көптеген қиындықтарды да, қуаныштарды да басымыздан өткердік. Осы жылдардың барлығында да Елбасымыз біздің жолбастаушымыз болды. Біз президентіміздің әр жылдардағы суреттерін архивімізді ақтарып жүріп тауып, халық назарына алдағы атаулы күннің қарсаңында ұсынғанды жөн көрдік. Сіздер бұл туындыларда елбасымыздың тек ресми кездесулерін емес, әртүрлі жағдайларын көре аласыздар» деді.

 

Көрменің ашылу салтанатының түйін сөзін ҚР Парламентінің депутаты Владислав Косарев аяқтады.«Тарихта ешбір дүние өздігінен болмайды. Тарихты өзгертетін тұлғалар. Біздің Елбасымыз біздің тарихымызды жаңа жолға бұрған тұлға десек артық айтқандығымыз емес. Сондықтан мұндай көрмелердің көптеп және еліміздің әр өңірінде өтіп тұрғаны дұрыс деп ойлаймын» деді депутат.

Sputnik фотоқорының көрмеге қойылған туындыларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінің әр сәті бейнеленген. Туындылар 1990-2016 жылдар  аралығын қамтиды.d4s_0267d4s_0412

Суретті түсірген Қанат Мусин.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!