Кененнің белдігі, Қасымның кездігі, Шәмшінің пианиносы… (фото)

oet_9599Ұлттық музей ел ішіндегі тарихи маңызы бар мұраларды жинақтау мақсатында «Ұлттық музейге сый тарту» деген тамаша акция бастаған болатын. Астанадан бастау алған акция Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай қалаларында жалғасын тапты. 2015 жылғы наурызда басталған акция нәтижесінде осы уақытқа дейін 2460 экспонат жинақталды. Олардың әр қайсысының өзіндік тарихи маңызы бар дүниелер.

9 желтоқсанда Ұлттық музейде биылғы жылдың қорытынды акциясы өтеді. Осыған орай бұған дейін жиналған құнды жәдігерлердің бірқатарын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%b5%d0%bd-%d0%b1%d0%b5%d0%bb%d0%b4%c2%a6%d0%baКененнің кемер белдігі  мен домбырасы. Белдік ХХ ғасырдың басында, 1902 жылы жасалған. Қырғыз халқының атақты батыры, манап Шабдан Жантайұлының тойында Кенен ақынға берілген. Бұл жүлде белдікті Кенен Әзірбаевқа жыр алыбы Жамбыл Жабаев табыс еткен. Белдікті таза былғарыдан жасап, металл шытыра қондыру арқылы әсемдеген. Ақ түсті металдан жасалған белдіктің тоғасына зооморфтық өрнектер салынған.

Домбыраны ақын 1950-60 жылдары пайдаланған. Қоңыр түсті.

Аталған жәдігерлерді Ұлттық музейге Кенен Әзірбаевтың ұлы Бақытжан Әзірбаев пен немересі Әзірбаев Мұхтар тапсырды.

oet_9869Қасым Қайсеновтің кездігі. Кездік қынабының жоғарғы жағына Қызыл алаңның және ұшақтың бейнесі, қарсы бетіне күн мен құс қанаты бедерленген. Қынабының төменгі жағында «Партизану Кайсенову К. от генерал-полковника Лавриненкова В.Д.» деген жазуы бар. Қос ілгішті. Ұзындығы қынабымен 33 см. ХХ ғасырдың  ортасында жасалған.

%d1%82%d0%b0%d1%88%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d1%81%d0%b0__%d0%b0%d1%82%d1%8bЖұмабек Тәшеневтің қалта сағаты. Сағаттың циферблатында «Молния. Сделано в СССР» деген жазу бар. Қақпағының ішкі жағында: «Уважаемому Жумабеку Ахметовичу в день 70-летия со дня рождения от земляка Алибекова. Шымкент, 1985г.», деген жазу нақышталған. Шынжыры бар қалта сағатты Жұмабек Тәшенев кейінге дейін пайдаланған.

%d1%86%d0%b5%d0%bd%d0%b7%d0%be%d1%80-%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%88%d1%8bӨзбекәлі Жәнібековтің қайшысы. Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің аңызға айналған «цензор» қайшысы. Ө. Жәнібеков алдына келген құжаттарда қате кетсе дәл осы қайшымен ортасын қақ бөлетін көрінеді. Осы тәріздес көптеген естеліктерге арқау болған бұл жәдігер Ұлттық музейдің қорында.

%d1%8b%d0%b1%d1%8b%d1%80%d0%b0%d0%b9-%d0%b6%d0%b0%d2%9b%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d1%82%d0%b0%d2%9b%d0%b8%d1%8f%d1%81%d1%8bnik_6124Атақты күрішші, Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың кетпені мен маңдайының тері сіңген тақиясы.

%d0%bf%d0%b8%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d0%bd%d0%be%d1%88__%d0%bc%d1%88%c2%a6-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d0%ba%d0%b8%c2%a6%d0%bcШәмші Қалдаяқовтың 1965 жылғы 4 ақпанда Шымкент облысының жастары сыйға тартқан «Кубань» пианиносы және көзі тірісінде басынан тастамай киген қаракөл бөрігі.

__%d0%b0%d0%b4%c2%a6%d1%80__%d0%b0%d0%b4%c2%a6%d1%803Қадір Мырза Әлінің қолсағаты мен қаламсабы және көзілдірігі. Бұл заттарды Ұлттық музейге «Қадыр Мырза Әлі» қорының директоры – Донеділ Қажымов тапсырды.

%d1%80%d0%be%d0%b7%d0%b0-%d0%b1%d0%b0%d2%93%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0Қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың сахналық көйлегі. Көйлекті әншінің жеке тігіншісі өткен ғасырдың 60 жылдары тіккен. Жәдігерді Роза Бағланованың келіні Марал Сағынайқызы Ұлттық музейдің қорына табыстаған.

%d0%bc%d0%b0%d0%b9%d1%80%d0%b0-%d0%bc__%d1%85%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d1%82__%d1%8b%d0%b7%d1%8bҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызының сахналық көйлегі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!