Президент дегені болмаса, Байшақов не өзгерте алады?

baishakovЖасыратын несі бар, өз басым белгілі бір сайттың Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Ерлан Қожағапановқа тиісе бастаған сәттен-ақ «бұл кімнің тапсырысы болды екен?» деп осы текетіресті біреудің ұйымдастырғанына шүбә келтірмеген едім. Бірақ кім екенін біле алмай,газет бетінде осы туралы сөз қозғала қалғанда тұншығып қалатынмын. Әсіресе, бұл лауазымға Айсұлтан Назарбаев мырзаның таласы барын байқағанда, «әй, осы азамат шығар» деп ойлағаным рас. Келе-келе ол ойдан да айныдым. Айсұлтан шын таласатын болса, оған мұндай ақпараттық қолдаудың дымға да қажет емес еді. Айсұлтан әлеуметтік желідегі өз парақшасында біраз мәселенің бетін қайтарыпты.

aisultan«Мен Қазақстан футболының басшысы емеспін. Өтемұратов басқаратын сайт менің ұтылысым туралы айтыпты. Бұл циркке менің ешқандай қатысым болмаса да». Оның сөзінше, Қожағапанов кеткелі футболда біраз өзгерістер өткізіліпті: жаңа құрылтайшылар, сайлау регламентіндегі жаңа ережелер.

 Мұның бәрін Жақсыбековке телиді. «Қазақ футболы осы азаматтың толық бақылауында. Оның «қуыршақ адамдары мен компаниялары» кез келген дауыс жинауда алдыңғы қатарда тұр. Мұндайда демократиялық сайлауға мүмкіндік жоқ. Егер мен Жақсыбековтің алдына барып: «Аға, футболды өз қолыма алуға рұқсат беріңіз. Сіздің айтқаныңыздан шықпаймын» десем болды. Менен күткені осы, мен ҚФФ-ның тағына топ ете қалар едім» дейді Айсұлтан.

Біз бұл әңгіменің басы-қасында болған жоқпыз.

Біз мұндай топтың барын да білмейміз. Білсек те мән берген емеспіз. Өйткені ол бізге қажет те емес. Тіпті, Айсұлтанның президент болғаны қазақ футболында із қалдыра ма, жоқ па, оған да көз жете бермейді.

Бір білетініміз, әкесі Рахат Әлиевтің қазақ футболын Азия Конфедерациясынан бір бас жоғары УЕФА-ға мүшелікке өткізіп, бір қадам алға сүйрегені.

Енді бүгінгі ҚФФ президенті алпыстың бел ортасынан асқан қазақ футболының сөз жоқ талантты өкілі С.Байшақовтың ойындағы керемет бастамаларды жүзеге асыруына мүмкіндік бермей ме деген де ой жоқ емес. Айсұлтан тарапынан емес, ұйымдастырушылар тарапынан. Өйткені президент дегені болмаса, Сейілда көкемде құзірет соншама жоғары емес секілді.

Үнемі «әліптің артын бағайық»дейтініміз сол. Күтейік.

Д. Әлі.

Фото tengrinews.kz сайтынан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!