Әлем музейлеріне жасалған сый тартулар

%d0%bb%d1%83%d0%b2%d1%80_1-e1341558683368Лувр музейі

Атақты Лувр музейінде халықты тамсандырар көптеген туындылар бар десек те итальяндық мүсінші Антонио Канованың «Амур және Психея» мүсіні солардың бірегейі.

Бұл мүсінді Лувр музейіне Наполеонның әпкесінің күйеуі Иоахим Мюрат сыйлаған.

Лувр музейі қомақты 8 түрлі тақырыпты қамтиды. Оның ішінде «Ежелгі Мысыр» бар. 1826 жылы Карл Х-тің бұйрығымен ашылған бұл залға археолог, Мысыр ироглифтерін танушы Жан-Франсуа Шампольон 5000 астам жәдігер өткізген. Бұл экспонаттардың ішіндегі ең көнелері б.з.б 4000 жылдыққа тән.

Сурет өнеріндегі өзіндік орны бар атақты Гюстав Кайботт өз қатарластарының картиналарын жинаумен де айналысқан. Өлер алдындағы хатында ол 68 туындыдан тұратын коллекциясын Лувр музейіне сыйлайтынын жазып кеткен.

metropolitan_museumМетрополитен музейі

Америкадағы Метрополитен музейі өте жылдам дамыды. Оған себеп бұл музейге көптеген тұлғалар өздерінің коллекцияларын сыйлап отырған. Мысалға: америкалық атақты кеме иемденуші Корнелиус Вандербильт 1880 жылы өзінің коллекциясындағы итальяндық 700 суретті Метрополитен музейіне сыйға тартқан.

Генри Маркуэнд Метрополитен музейінің президенті болмастан бұрын ұзақ жылдар бойына жинаған еврей шеберлерінің картиналарын музейге сыйлаған. Олардың ішінде теңдесі жоқ Халс, Рембрандт, Рубенс, Вермердің картиналары бар.

Метрополитен музейінің жүз жылдық мерейтойында Нью-Йорк шататының губернаторы Нельсон Рокфеллер мұражайға Оңтүстік Америка және Африка өнерінің коллекциясын сыйға тарқан.

 pompiduПомпиду музейі

Франция еліндегі Помпиду музейі Париждегі адамдардың келуі жөнінен үшінші орында тұр. Бірінші – Эйфель мұнарасы, екінші – Лувр музейі.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Жорж Помпиду негізін салған осы заманауи өнер музейіне Ресей мемлекеті тарапынан үлкен сый тарту жасалды. 59 суретшінің 300-ден астам туындысы табысталған бұл акция ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңес өкіметінің ресми емес суретшілеріне арналған.

ermitazhЭрмитаж музейі

Музейге тек жеке тұлғалар ғана емес, басқа да музейлер сый тартады. Мысалы Ресейдегі атақты Эрмитаж музейі Калининград музейіне өте сирек кездесетін кітаптарды сыйға тартқан. Оның ішінде 212 сурет альбомдары мен ғылыми еңбектер бар.

2014 жылы Эрмитаж музейінің 250 жылдығы қарсаңында музейге атақты Мурманск шынысынан жасалған люстралар сыйланды. Осы мерейтойда Ресей президенті В.Путин музейге екі экспонат табыстады. Біріншісі – сағат. Александр ІІІ патша мен Мария Федоровна патшайымның некесінің 25 жылдығына арналып жасалған. Екінші – К.Фаберженің жұмыртқа-сағаты.

Ежелгі грек мифтеріндегі махаббат құдайы саналған Антонио Канованың Амур мен Психея сұлбаланған мүсінінің екі нұсқасы бар. Бірі Луврда сақталса, екіншісі Эрмитажда.

Эрмитажға бұл мүсінді 1796 жылы Римнен алып келген кінәз Юсупов сыйлаған.

Әзірлеген Досхан Жылқыбай.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!