Тәжиннің тәжірибесі жауапты миссияны атқару үшін қажет

tazhinМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Марат Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Өмірбаянына үңілсек, Тәжин Марат Мұхамбетқазыұлы 1960 жылғы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысқанын біреу білсе, біреу білмес. Мемлекеттік қызметтің түрлі сатысында қызмет атқарып, шыңдалған, тісқаққан маман. Бұл тағайындауға дейін (2014 жылғы 11 ақпаннан) Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарды.

Әлеуметтік желіде біраз жұрт Марат Тәжиннің елге оралып, Президент әкімшілігіндегі лауазымды қызметке тағайындалғанын жақсылыққа жорып отыр. Күні кеше Президент елдегі Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы жарлыққа қол қойып, бұл жұмысқа бас-көз болуды Президент әкімшілігіне жүктеген болатын. Осындай жауапты миссияны мінсіз атқару үшін Тәжиннің тәжірибесі қажет болған болар деп тұспалдасақ айып емес шығар, ендеше.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!