Ұлықбек Есдәулет. Даниал Ахметов Рүстемдей ер өткенін біле ме екен?

ulykbek esdauletФейсбук әлеуметтік желісінде ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері  Шағангүл Жанаева белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулетке өмірден ерте өткен бауыры, талантты режиссер, театр және кино актеры, ақын Рүстем Есдәулеттің ескерткіш мүсіні бір кездері өзі еңбек еткен Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында елеусіздеу жерде тұрғанын ескертіп, өкінішін білдірді.

«Өскеменде, облыстық драма театрында болдым. Рүстемнің мүсінін көрейін, суретке түсіріп алайын дегенмін. Іздеп едім, көзіме түспеді. Театр қызметкерлерінен өтіндім. Бір адам ертіп апарып, бір бөлмеге кіргізді. Сол бөлменің бұрышында тұр екен Рүстемнің мүсіні. Өзіңе осыны ескертейін деп жазып отырмын» деп жазады Шағангүл Жанаева.

17191307_435114026828529_6477344695674330478_nБұған ақын Ұлықбек Есдәулет былай деп жауап жазды:

«Өкінішті!.. Шаған жеңгеме көптен-көп рахмет! Бұл маған ғана емес, бүкіл облыстың және күллі Қазақстанның өнер, әдебиет, театр қауымына, жалпы мәдениетті жұртшылығына естен кетпес ескерту деп қабылдаймын! Театрдың қазіргі бастығы өзінен бұрынғы ерекше тұлғаның өшпес еңбегін ескермейін, ұмыттырайын дегені ме? Жалпы Шығыстан, менің туған жерімнен осындай ұятсыздықтар көп естіле бастады. Бәрі де басшыға байланысты. Кешегі шекарадан атамекеніне өткен Ананың пұшайман халі де осы қатарда! Облыстың басшылығы не қарап отыр? Рүстемнің жанашыр достары, қайдасыңдар? Кезі келген екен, облыс әкімі Даниал Ахметовпен сөйлесейік! Ол өзі Рүстемдей ер өткенін біле ме екен? Облыстық театрдың қазіргі күйкентай бастығы кім? Керек болса, тіріні де, өлі аруақты да сыйламайтындарды орнына қояйық! Үн қатыңдар!»

Суреттер Шағангүл Жанаеваның Фейсбуктегі парақшасынан және altaynews.kz сайтынан алынды.

2 комментария

  1. Қарлығаш Ответить

    Өте өкінішті! Оқи отырып, жылап отырмын. Рүстемнің ескерткіші бөлмеде емес, театрдың хақ алдында тұрса да артық етпейді. Рүстемнің Өскемен қаласының театр мәдениетіне,театр өнеріне қалай үлес қосқанын өз көзіммен көріп едім. Тек театрға ғана емес, театр арқылы мемлекеттік тілдің дамуына, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, тұлға болып қалыптасуына өзіндік үлес қосты деп білемін. Сол тұстағы жастардың театрға деген махаббатын оятып еді. Өзі сияқты жастарды тәрбиелеп үлгерді, солар қазір театрдың қазығы іспеттес болып жүргенін әлеуметтік желілер арқылы көріп отырмын. Ұлықбек аға, мен 6 жыл болды Өскеменде тұрмаймын, бірақ Рүстемнің сіңірген еңбегі туралы естір құлақ болса айта аламын. Сол кезде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында меңгеруші болып істеп едім, Рүстеммен бірлесіп талай шаралар өткізген едік.

  2. Robbie Ответить

    I thought I’d have to read a book for a dicoevsry like this!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!