Ата-анаңызға неше уақыт көңіл бөлесіз?

родителиАдам баласы құрметтеуге лайық жандар болса, ол – ата-ана, барша мейірім мен сый-құрметке лайықты қадірлі жандар. Баласының амандығын жатса да, тұрса да тілеп, тілеулес болып отыратын да ата-ана. Ойлаңыздаршы, күніне қанша уақыттарыңызды ата-аналарыңызға жұмсайсыздар?! 

Жағдайларын сұрап,  хабарласып, Жаратқаннан сол кісілердің  амандығын, дендерінің саулығын тілейсіздер?  Күніне қанша уақыттарыңызды ата-аналарыңызға арнайсыздар? Ал ол кісілер бар ғұмырын балаларына арнайды. Баламның көңілі жай болсын. Қатарынан кем болмасын деп ыстыққа да, суыққа да түседі.  Ата-ана кішкентайынан  балаларын «Менің періштем» деп, тұмсықтыға қақтырмай, қанаттыға шоқыттырмай, күндіз-түні баласының қамын ойлап бар тапқанын балаларының алдына тосады. Сол себепті, біз әлі де бала көңілді періштеміз. Періштенің тілеуін Алла қабыл етеді. Сондықтан, алақан жайып тілеген дұға-тілектеріңізге ата-аналарыңыздың амандығын міндетті түрде қосып отырыңыздар.  Сағат сайын, минут сайын тіпті, секунд сайын ойға алып, хабарласып  қал жағдайларын біліңіздер!

Соғұрлым уақытымыз басқа нарсеге де кетіп жатыр.  Басқаға уақыт тапқанда ата-анаға уақыт таппау мүмкін емес. Таңертең ұйқыдан тұрғанда  «Әкешім, анашым қайырлы таң! Мен ұйқыдан тұрдым. Сабағыма кетіп бара жатырмын»  деп хабарлама жіберіп тұрыңыздар. Жырақта жүрген баласының қамын ойлап, аш па, тоқ па, сырқаттанып қалмады ма, жылы киініп жүр мекен деп титтей дүниелердің барлығын өн бойынан өткізіп баласының қамын ойлайтын да ата-ана. Жәннат сол кісілердің табанының астында. Өмірдің бар жақсылығына лайықты да осы кісілер. Олар отбасымыздың ұйытқысы, негізгі діңгегі. Балаларын көзінің қарашығындай қорғайтын қорғаушысы. Не істесек те қолдау көрсетер қолдаушымыз. Әрбір адамның мына жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қамқоршысы-ата-ана. Ата-аналарымыз аман болсын!

Ботагөз Әбсадық, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!