Дархан Мыңбай ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

01 (102)Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының директоры қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Дереккөзі: inform.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!