«Көтенгазет»

kotengazetЖау іздегеннен айтпайсың. Бірақ орыстілді әріптестерімізді оқығанда, ой құрғырдың сан-саққа кететіні бар. Мәселен,«Время» деген газетті көрген сайын таңқалам. Күн құрғатпай, қайдан табатыны белгісіз, «свежий» көтендердің суреті шығады да тұрады. Әлде газеттің атын естігендер дереу тоңқая қала ма? Осы күні оның сұхбаттаспаған стриптизері қалмай барады. Түгендеп біткенде, кімді шығарар екен…

Бір нөмір емес, әр нөміріне бадырайтып беріп жатқанына қарағанда, газет арсыздықты насихаттауға шындап кіріскен. Жаңа жылдан бері, ерінбей санап шықтым, осы басылымда жиырмаға жуық жалаңаш тәннің суреті шығыпты. Және қай бетке? Мәдениет бетіне («Без грима»). Суретші болса – міндетті түрде лыпасыз әйелді жазатын, не ұятты жерлерге сурет салатын, кино болса – төсек қатынасын, фотограф болса – тыр-жалаңаш әйелдерді түсіретін, би болса – тек қана стриптиз, ди-джей болса –киімсіз тұрып музыка қоятын, жазушы болса – қалам алғаннан бұрын эротикалық суретке түсетін… Ал стрип дэнс пен фотография-ню – өнердің ұлысы болып тұр.

Өзге “өнер өкілдері” шықпайды бұл газетке, шыға қалса, не былапыт сөз айтуы керек: «Я не член», не қазақты кемсітетін бірдеңе деуі керек: «У нас свободную женщину называют сукой» (А.Меңлібаева), «Казахи не уважают самих себя» (С.Сүлейменова). Тіпті болмағанда туған күнінің құрметіне сұхбаты шыққан А.Шмыгалев сияқты, “ню-суретін” беруі керек. Сонда ғана газеттің өңі ашылады.

Сонда ойлаймын, «Времяның» өңшең азғындаған, елді де аздырып біткен арсыздарды насихаттаудан басқа жұмысы жоқ   па? Әлде қазаққа ағарту жұмыстарын жүргізгісі келді ме? «От накачанного загорелого тела невозможно было оторваться. – Ах, я бы прошлась ноготками по этой спинке, – мечтательно произнесла дама слева от меня. – Повезло той, которая сейчас под ним. Страсти накалялись. “Жертва” Ромео вошла в раж, и ее руки уже блуждали по его попке и торсу…», – дейді әріптесіміз таңдайынан бал тамып (2 қазан, 2010) | Битва экстрасексов). “Попка” мен “торсқа” қарап, үзіліп кетем десе де, өзі білсін, бірақ соны газетке басып не қажет? Бізде порнографияға тыйым салынбап па еді? Ұмытып қалсаңыз, БАҚ туралы Заңды қараңыз.

Басылымның басы-қасында кімдердің тұрғанын көшедегі қаңғыбас ит те біледі. Мына шектен шыққандық – сол басшылықтың күштеп таңып отырған саясаты екені де бесенеден белгілі. Әйтпесе, есі дұрыс келіншек, оның үстіне көзі ашық журналист, өз еркімен таң атқанша клуб аралап, көтен аңдып отырмас еді деп ойлаймын. Әйелдердің алдында ұятты жерін ашып билейтін бір «өнер иесі»: «Отработав на сцене, спускаешься в зал и консумируешь – то есть подсаживаешься к женщинам, общаешься, получаешь процент от заказа, если дама угостит. Женщине мало любоваться ухоженным телом, ей хочется, чтобы за столиком посидел красивый мужчина, выслушал ее, сказал комплимент – за это она и платит. Во время танца мы не просто раздеваемся под музыку – подходим к женщинам, дышим в ушко, шею…» – деп, ағынан жарылады. (24 ақпан, 2011 | Самая мужская профессия).  Масқара. Өркениетті елде республикалық қоғамдық-саяси газетте осындай мақала шықса, басқасынан не күтуге болады?!

Ал мынау «азғындыққа үгітте» деген сериядан: «– Мне муж не разрешает соблазнять мужчин, – признается Лиана. – Я его люблю, но не представляю своей жизни без стриптиза. Мы нашли альтернативу: теперь я работаю только с женщинами. Я бисексуалка и не вижу в этом ничего ужасного. Тем более что женщина всегда лучше поймет другую женщину». (2 қазан, 2010) | Битва экстрасексов). Пішту… «– Ты сказала, что встречалась с девушкой… – Я и сейчас встречаюсь и сплю только с девушками». (9 қараша, 2008 | Из “дурки” – в дамки). Қай бетімді айтам… «Больше всего меня удивил тот факт, что алматинские геи, зная о своей ориентации, заводят семью, детей. Это неправильно. Не нужно под давлением общества идти против своей природы». Бұл “Геи Алматы” деген деректі фильмнің режиссері, ақылы асқан Петер Серж Бутконың кемеңгер кеңесі. (14 қыркүйек, 2010 | Снимать геев – одно удовольствие).

Немесе  «көңіл көтеретін орталықта» бильярдтан жарыс өтеді. Шешінуден. Есі дұрыс адам ондай масқараға бармайтыны түсінікті. Екі «жрицаны» жалдап, арнайы ұйымдастырған шоуды журналисіміз жанын салып, аузының сілекейі ағып отырып суреттеп береді. Көтендері де алдыңызда (онсыз бола ма).

Және ең қызығы, стрип-пластикамен айналысатындардың бәрінің «бала-шағасы бар». Яғни, бұлар қазақ үшін отбасы институты қаншалықты маңызды екенін біліп отыр. Әзірге жанұяны басты құндылық деп білетіндердің ұрымтал тұсынан қойып қалып, шауып алмақ. Газеттің мәлімет беруінше, қазіргінің кемпірлері де стриптизбен айналыспаса, өмірдің қызығынан құр қалатын көрінеді. Тырдай шешінбейтін бишілерді де журналист жақтырмай, «Мүмкін, сіз денеңізден ұялатын шығарсыз?» – деп «шағып» алған түрі. Сонда бұл газет жалаңаш тәнді көрсетіп қана қоймай, бұл ұятсыздықтың бәрін норма ретінде ұсынып отыр. Қызыңа таяқты айналып тыр-жалаңаш биле дейді, ұлыңа ұятты ұмытып, тәніңді саудала дейді. Иманды ұмыт, арсыз бол, азғын бол. Оның бәрі заңдылық екен.

Ең қорқыныштысы, «Время» «Ахиллестің өкшесін» дәл тапқан. Қазақтың қызын бұзсаң, басқасы ойыншық екенін біледі. Сондықтан беліне дейін жалаңаш тұратын ди-джей Aishaны артынан қуып жүріп газетке шығарады (5 наурыз). «Авангард-суретші» Алма Меңлібаева болса: «Сейчас казашка водит машину, успела развестись. А когда она, делая все это, становится сильной, ее называют сукой и феминист­кой. Так что я стопроцентная, свободная казашка, сука и феминистка, а не покорная восточная женщина», – деп қарап отыр. Бұл газетке де сол керек. Тіпті журналистер «обрызға кіріп» кетіп: «еліміздегі он қыздың тоғызы тыр-жалаңаш суретке түскенді қалайды», – дейді. Ондай статистиканы қайдан алып отырғаны да белгісіз. Әрине, асыра сілтеген. Бірақ соның өзі қандай үрейлі…

«Ересектерге арналған» басылымдар болушы еді. Оларға сот жоқ. Ал мыналар барша жұрттың көзін бақырайтып қойып, жын-ойнақ жасап отыр. Егер осы арсыздықты тыймаса, бұл газетті не жабу керек, не кәмелетке толмағандарға сатпау керек. Айтпағымыз осы болатын.

Д.Мәкежан.

«Халық сөзі», №19 (60) 11.03.2011

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!