Елге белгілі азаматтар балалар үйі тәрбиеленушілерінің тұсауын кесті

D4S_7124Қазақстан Республикасы Ұлттық  музейінде Астана қаласы әкімдігі Мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тұсауы кесілді.

Шара Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – жаңғыру нышаны» атты мерекелік бағдарлама аясында ұйымдастырылып отыр.

Жобаның мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилердің өміріндегі маңызды сәттерінің бірін мерекеге айналдыру. Сонымен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп, жаңғырта түсу.

D4S_7168Бүлдіршіндердің тұсауын тарихшы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғараұлы, жазушы, абайтанушы Тұрсын Жұртбай, «Республикалық радио» ЖШС-нің директоры, танымал журналист Мәди Манатбек, «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Дана Нұржігіт және белгілі ақын Нәзира Бердалы сынды есімі елге белгілі азаматтар кесті. Тұрсын Жұртбай, Қойшығара Салғараұлы аталары бүлдіршіндерге бата берді, белгілі зергер Берік Әлібай тұсауы кесілген балаларға домбыра сыйлады.

D4S_7284

Ұлттық музейдегі «Тұсаукесер» рәсімі осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек. 2016 жылғы осы іс-шарада тұсауы кесілген 5 сәби де бүгінде жаңа ата-аналарын тауып, жылы ұяларында тәлім алуда.

D4S_7174D4S_7094

Суреттерді түсірген Қанат Мусин.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!