Біз үшін бұл байқаудың жеңімпазы – Димаш Құдайбергенов

dimashҚытай елінде өтіп жатқан «I am a singer» байқауы өз мәресіне жетуге аз қалды. Айта кетейік, байқау 14 турдан тұрады. Аталған өнер бәйгесіне еліміздің атынан қатысып жатқан таңдайына бұлбұл ұя салған талант иесі Димаш Құдайбергенов байқаудың әр кезеңінде көрерменді аузына қаратып, таңқалдырып келеді.

Димаш 10-турда  «Ұмытылмас күн» әнін қазақ-қытай тілдерінде орындап байқаудың финалына шықты. Ол байқаудың қай кезеңінде болмасын өз жанкүйерлерін таң-тамаша қалдырумен келеді. Байқау басталғалы тынымсыз еңбектеніп, оңай жерде нан жоқ екенін дәлелдеп келе жатқандай. Соның ішінде есте қалған сәттер танымал киножұлдыз Джеки Чан Димашпен кездесуге ұсыныс жасап, сый тартуын табыстады. Ал әлемдік деңгейдегі әнші Лара Фабианның Димашқа құттықтау жолдап, сәттілік тілеуі де қазақстандық өнер иесі мен оның жанкүйерлерінің мерейін үстем етті. Негізінен байқау аяқталғанша қазақтың талантты өнерпазына отандық  журналистермен сұхбаттасуға рұқсат жоқ. Қытайлық телеарнамен жасалған уағда солай. Ал бізге жаңалықтар  ғаламтор арқылы Димаштың көмекші, кеңесшісі Алпамыс Шаримов арқылы жетіп отыр. Күллі әлемді селт еткізіп, жүрегін жаулаған Димашқа алдағы кезеңдерде сәттілік жанына серік болсын демекпіз. Хас таланттың әлемді аузына қаратар күні алда деп сенеміз. Біз үшін бұл байқаудың жеңімпазы – Димаш Құдайбергенов.

Ботагөз Әбсадық, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!