Тасмағамбетов тастай қылушы еді… Исекешев ше? (фото)

_DSC1373Көктем келіп, күн жылыса болды, елордалықтар әбігерге түседі де қалады. Жылдағы әдет. Қар көбесі сөгіліп, аула, көшелердегі шалшық судан адам аяқ алып жүргісіз болатыны рас. Қала маңындағы елдімекендерді айтпағанда, шаһар ішіндегі «көлшіктер» тұрғындарға түрлі қолайсыздықтар тудыратыны өз алдына, тіпті өмірлеріне, мүліктеріне қауіп төндіретіні белгілі.

_DSC1229Көктем Астана қаласы әкімдігіндегі атқамінерлердің де мазасыз шағы. Ақпарат құралдарының тазалық жүргізу жөнінен Астананы басқарған әкімдерді бір-бірімен салыстыратыны бар осындай тұста. Әйтсе де, «Тасмағабетов тастай қылатын, Жақсыбеков те шаруаға мығым еді» деген секілді берері аз, бос әңгімеден гөрі, дәл қазір қалада не істеліп жатыр? деген  көптің көкейіндегі өзекті сұраққа жауап іздеген абзалырақ болар.

Сонымен, әкім Исекешев пен оның командасы қаланы қалай тазалап жатыр?_DSC1251_DSC1326Астана әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметке сенсек,  елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп, тасқын суды өткізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде екен.

Биылғы жылдың 13 қазанынан бүгінге дейін коммуналдық қызметтермен 5 409 066,76 м3 қар шығарылған. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден әлдеқайда артық екен.  _DSC1354_DSC1266Жаңартылған «Кэмэл» техникасының көмегімен нөсер кәрізі желілерін тазарту жұмыстары қолға алыныпты. Мамандардың пікірінше, тазарту құрылыстары 100% дайын._DSC1270Аудандарда арнайы техникамен аумақты еріген қар суынан сорғыту жүргізілуде. Жалпы, қала бойынша тиісті жұмыстарға 158 арнайы техника тартылды._DSC1239_DSC1330Айтпақшы, құлаққағыс ете отырайық, 3 аудан бойынша тұрғындардан өтініштер қабылдау үшін диспетчерлік қызмет құрылды. «Алматы» ауданы бойынша 48-43-37, «Есіл» ауданы бойынша 48-43-26, «Сарыарқа» ауданында 48-43-92 телефондарына, сондай-ақ, ТЖ кезінде орталық диспетчерліктің 54-58-19,38-57-09 телефондарына хабарласуға болады.

Қуаныш Тұрар.

Фотолар astana.gov.kz сайтына тиесілі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!