ЕХРО-да шетелдіктер текеметті 6 мың, түскиізді 20 мың долларға сатып алған

1967_11967 жылы Монреальда өткен халықаралық ЭКСПО көрмесіне (суретте АҚШ павильоны, 1967 жыл) қазақ елінен делегация бастап барған мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаров туралы жазушы Сарбас Ақтаев былай дейді:

«ЭКСПО жөнінде алғаш жазған осы Ілекең болатын. Мұны екінің бірі түсіне бермейді ғой, негізі. Бұл бесаспап, жан-жақты көрме. Мұнда экономиканың өрлеуі де, мәдениеттің мәуелегені де, өнердің гүлденуі де көрсетілуі керек. Жалпы, әр елдің жеткен жетістігі, елге жайып салар несі бар екені сол көрмеде көрсетіледі. Ілекеңді еске алып отырған себебім, Монреальда болған көрмеге Қазақстанның өнер қайраткерлерін бастап барған еді.  Ол Кеңес өкіметінің бүкіл әлемді аузына қаратып тұрған кезі. Әрине, ең үлкен павильон Кеңес өкіметінікі болған. Соның ішінде ең көрнекті, бетке ұстар филиалы біздің Қазақстанның павильоны болыпты. Қазақстанның сенімнен шықпайтыны жоқ, өндірісі сан-салалы. Кен қазуы да, кенді өңдеуі де, астық өндіруі мен мал шаруашылығы да өз алдына бір төбе, ал өнер шығармалары, әсіресе қазақтың қолөнері тіпті ғажап. Сонда қазақтың ою-өрнектері, түскиізі, текеметі, тоқыған кілемі, жасаған ер-тұрманы, барлығы қойылған. Көрмеде шетелдіктер бір текеметті 6 мың долларға, бір түскиізді 20 мың долларға сатып алған екен. Сонда Ілекең: «Біздің ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы қолөнерімізді өндірістік негізге салып, дамытсақ ұтар едік» деген. Мен Ілекеңді еске алғанда, ертең өзіміздің елде де осындай көрме өтіп, біздің павильонда өзіміздің ұлтымызға тән айшықты дүниелер көрініс табады деген үмітпен айтып отырмын мұны».

astana 2017«Халық сөзі» газеті, «ЕХРО-ға Ілияс Омаровтың көзімен қарасақ…» мақаласынан. 2013 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!