«Дос Мұқасанға» тағы бір ескерткіш қойылды

_EAC6149Атырау қаласында жаңадан ашылған ретро саябақта «Дос Мұқасан» ансамбліне ескерткіш орнатылды. Бұл өнер туындысы – аты аңызға айналған атақты топтың құрылғанына 50 жыл толу құрметіне жасаған Атырау жұртының сый-тартуы болды. Ретро саябақ пен ескерткіштің ашылу рәсіміне ансамбль мүшелері арнайы қатысып, әннен шашу шашты.

Туынды авторы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, белгілі сәулетші-мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов.

Ескерткіш орналасқан ретро саябақ өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы неоклассикалық стильде салынған. Оның негізгі аумағын парк аллеялары құрайды. Ол тұрғындардың Жайық өзенінің жағалауында демалыс сәттерін өткізуге арналған. Онда амфитеатр, көрме павильоны, кафе, жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мен аралшықтары бар тоғандар орналасқан. Тіпті, осы ғажап көріністі тамашалауға арналған алаңға дейін қамтылған. Осынау тамаша демалыс орнының салынуына «Теңізшевройл» компаниясы демеуші болған.

Айта кету керек, бұған дейін әйгілі «Дос Мұқасан» тобының құрметіне Кереку өңірінде, Павлодар мемлекеттік университетінің алдында да ескерткіш қойылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!