Қытайдағы қазақ баласының шығармасы көптің жүрегін шымырлатты

hat

Қытайдың WeChat желісінде жарияланған қазақ баласының шығармасы көптің жүрегін шымырлатты. Онда мынадай дүние жарияланған. Күз туралы бір шумақ өлең негізінде шағын шығарма жазу талап етілген. Шығарманы жазған баланың аты-жөні белгісіз. 

Тапсырма мынадай:

 «Жылдам ғұмыр уақыт өтті зымырап,

Әп-сәтте алтын түске енді күзгі бақ.

Жапырақтар жыр парағым секілді,

Жер бетіне құлап жатыр судырап.

Жоғарыдағы өлеңге негізделіп «Жапырақ» туралы шығарма жазыңыз. Сөз-сөйлемі дұрыс, ойы жинақы болсын. (12 балл)

 Жапырақ өмір

Мен жапырақты жек көремін. Анам көше тазалықшысы, ол осы бір айда қатты жүдеп кетті. Көшені бүгін сыпырып қойса, ертесі тағы жапырақ жауып қалады. Әбден титықтады… Жапырақты жек көремін! Жапырақ анамның маңдайынан аққан тері секілді. Әр рет ағаштан түскен жапырақты көрсем анамның маңдайынан аққан тер көз алдыма келеді. Жапырақ ақындарға ұнайтын шығар, бірақ маған ол жауып жатқан сор сияқты. Шіркін, жапырақ түспейтін болсашы!..

дереккөзі: zhasorken.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!