ЗЫҢ-ЗЫҢ: сөзден де, әннен де қадір кетті

b0d7309465b8c2bea1b63f43c7345c5b_XL

«Бұралқы сөз күлмекке жақсы», әрине. Дейтұрғанмен, ойланбай, байыбына бармай, артын бақпай айтылған қысыр әңгіменің залалы да көп болатыны тағы бар.

Әнді алсақ, қазір ән деуге ауыз бармайтын, бірақ еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін аузынан тастамайтын «вирус» әндер көбейді. Қайсыбір күні көліктегі радиодан «Сүймейтін, сүйіспейтін, қазақтың қыздары-ай» деп бір жігіт ышқынып жатыр. Сөйтсем осы күні мұндай әнсымақтар қалыпты жағдайға айналыпты ғой, көз көндіккен, құлақ үйренген. «Той думан» деген телеарнада неше атасы шығады екен. Үш жастағы қызым, «Ал сен жоқсың, жоқсың, бар болсаң, қайдасың» дегенде шалқамнан түсе жаздадым. Құдай-ау, қайда барсам «Жоқ-жоқ… Үтікті қоссақ та, «Бар болсаң, қайдасың» деп Ерке Есмахан әндетіп кете ме деп қорқатын болдық. Бейнеклипі 30 миллионнан астам рет көріліп, тыңдалған дей ме?!

FB_IMG_1508469913869«Әндіжанда апам бар, мұнан да өткен сорақы» дегендей, енді әлеуметтік желілерде «Шымкенттің қыздары зың» деген «вирус» кеңінен тарап жатыр. Шымқаланың әкімі айтқан сөз дей ме?! Артынша едел-жедел әлеужеліде «зың-зың» деген топ құрылып, «Зың самса, дың нан» деген дүкен ашыла қойыпты (қай қалада екенін белгісіз). Ол ол ма, Алматыда  бір пысықайлар «Saebiz» деген ресторан ашып үлгеріпті. Оны белгілі сайттардың бірі жазып, сүйіншілепті. Енді нәрестеге сондай есім беріліп жатса, тіпті таңырқамайтын болдық, қазір. Айтқан жерден аулақ, «Сенің атың Saebiz деп азан шақырып жатқан молда елестеп кетті ғой, көз алдымызға.

Қысқасы, еріккеннің ермегі үшін ертеңімізге балта шаппайық деген ой ғой біздікі. Жалтетпе, бір сәттік, арзан дүниелерге тым әуестеніп, кейін өкініп жүрмесек болғаны. Әннен әуез, сөзден қадір кетіп тұр, қайтейік…

Ә.Байбол.

Суреттер Facebook әлеуметтік желісінен алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!