60 жылда 60 мың түлек

23157874_1339460946164136_1389169352_oС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті еліміздегі тарихы бай, ең ірі аграрлық, техникалық жоғары оқу орындарының бірі. Биыл 60 жылдық мерейтойын атап өткен университет қабырғасында бертінге дейін 60 000-ға жуық түлек білім алып шығыпты. Бүгінде университеттің 8 факультетінде он мыңнан аса білімпаз бакалавриаттың 37 мамандығында, магистратураның 31 мамандығында және PhD докторантураның 9 мамандығында оқып жатыр.

Халықаралық талапқа сай түрлі салада бәсекеге қабілетті маман даярлау университеттің басты ұстанымы. Бұл орайда адамзатты алаңдататын жаһандық мәселе — жер ғаламшарының тұрақты дамуы. Дамуға апарар  ең тиімді жол осы бағытта білікті маман дайындау. Мұндағы басты назар — заманның қажеттіліктерін өтей отырып, келесі ұрпақтың өз қажетін қамтамасыз етуіне қатер төндірмейтінде     й даму жолын түзе білуде. Университет мамандары  2015 жылдан бастап, «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» атты Erasmus+ SARUD халықаралық жобасы аясында Германия, Польша, Чехия және Ресейдің білікті мамандарымен бірлесе магистратураның оқу бағдарламасын дайындаған еді. SARUD жобасы тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы тәжірибеге бағытталған.  Осы бағыттағы білімді енгізу мақсатында ауылдық аумақтардың тұрақты және кешенді дамуын іске асыратын қажетті бағдарламалар дайындау көзделген.

Биылдан бастап  С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне алғаш рет «Экономика» мамандығы бойынша «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» оқу бағдарламасы бойынша магистранттар қабылданды. Жаңа оқу бағдарламасының басты ерекшелігі, мамандарды дайындау барысында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экожүйелердің табиғи әлеуетін сақтау көзделеді. Осының  негізінде ауылшаруашылығыны өндіріс жүйесін дамыту мүмкіндігі қарастырылады. Erasmus+ SARUD халықаралық жобасы аясында мамандарды дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Университет оқытушылары екі жыл бойы Польша, Чехия, Германия, Ресей университеттері мен шаруашылықтарында тағылымдамадан өтті.

Агротехникалық университетте биыл шілденің 3-5 аралығында Erasmus+ SARUD халықаралық жобасы аясында «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» тақырыбында кеңейтілген халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстан, Германия, Польша, Чехия және Ресейдің 16 жоғары оқу орындары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық ауыл шаруашылығы зерттеулер мен білім беру орталығы, Астана қаласы әкімдігі, Мемлекеттік ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту институты (LEL), Германия, «NEMATS» Неміс аграрлық орталығы (Қазақстан Республикасы) және осы елдерден келген басқа академиялық емес серіктестер қатысты.

23223327_1339458202831077_245792784_oХалықаралық конференцияда талқыланған негізгі мәселе — «экономика» мамандығы бойынша енгізілетін жаңа оқу бағдарламасы. Қазақстанның жоғары оқу орындары тарапынан бірнеше баяндама жасалды.    «Қазақстан жоғары оқу орындарында SARUD оқу бағдарламасы: экономика — мамандығы. «Оқытудың нәтижелері. Тағылымдамалар интеграциясы»  баяндамасымен Мелешенко Н.Н., «Қазақстанда жүзеге асырылатын SARUD жаңа оқу жоспары» тақырыбында Ниязбек Калимов (Қостанай мемлекеттік университеті); «Қазақстандағы SARUD оқу бағдарламасы: мемлекеттік емтихан және диплом жұмыстарының тақырыптары» бойынша Анаргуль Белгібаева (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) баяндама жасады. Конференция аясында «Оқу жоспарын іске асыру барысында өңдірістен серіктестердің қатысуы» және «Магистрлік бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастық» секциялардың жұмысы маңызды және нәтижелі болып шықты.

Кездесу барысында оқу нәтижелері мен Дублин дескрипторларына, студенттердің академиялық ұтқырлығына, білім негізі мен құрылымына, түрлі елдің жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуға көп көңіл бөлінді. Конференция бағдарламасы мазмұндылығымен қызықтырды. Қатысушылар Астанада ақпаратты-танымдық саяхат аясында «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін аралады. Сондай-ақ, ЖШС «Родина» және ауыл шаруашылығы фирманың басшысы Иван Сауэрмен сараптамалық кездесуге қатысты. Шаруашылық басшысы Иван Сауэрмен жүздесу және оның орынбасарының берген кеңестері шараға қатысушыларға ұмытылмас зор әсер қалдырды. «Родина» серіктестігінің ауыл шаруашылығы өндірісінің және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында жеткен зор жетістіктері расында да тәнті етті. Бұл жетістікке олар шаруашылық және шығармашылық топ-менеджмент пен бүкіл ұжымның еңбегі арқасында жетіп отыр. «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» халықаралық конференцияның қорытындысы ретінде SARUD жобасын іске асыру бойынша іс-шара жоспары келісілді.

Г.К. Сатыбалдиева, С. Сейфуллин ат. ҚазАТУ, Экология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент,

Ұ.С. Мұқиянова, Экология кафедрасының аға оқытушысы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!