Елбасына жағу үшін елге ыңғайсыздық тудырды…

%d0%bf%d1%80%d0%be%d0%b1%d0%ba%d0%b0

Манас Қайыртайұлы есімді азамат өзінің Фейсбуктағы парақшасында Елбасының Алматыға сапары барысында  алып шаһардың бірнеше көшесі жабылып, тұрғындар үшін көптеген ыңғайсыздықтар туғаны туралы жазады. Мұндай жағдай Мемлекет басшысының ел алдындағы беделіне нұқсан келтіретінін айтады ол. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі бұл пікірді қолдап отыр.

«Елбасының Алматыға келгені, Медеудегі демалушылармен кездескені, Алматы-Аренаны ашқаны, өзге де жұмыстарды тындырғаны дұрыс шығар. Бірақ демалыста жұмысын тыңдырғысы келген өзге елге кедергі жасағаны қате. Вокзалға асығып бара жатып, шығарып салатын адамдарым жолдан қала жаздады. Мұндай нәрсе жеккөрініш сезімін оятады халықтың. Әл-Фараби мен Сайынның бас-аяғы жабық. Түнде ар жақтағы ел бері, бер жақтағылар ары өте алмай қор болдық қой 1 сағат бойы» дейді Манас Қайыртайұлы.

Жақында мұндай жағдай Астанада да болған еді. Үкімет мүшелерінің марафонға қатысуы үшін елорданың бірнеше көшесін жауып, қала халқы иін-тірескен кептелісте сағаттап тұрған болатын. Осы үшін қалалық әкімшіліктің бірнеше шенеунігі сөгіс естіп, тіпті бірнешеуінің қызметімен қош айтысқаны есімізде. Бұл жолы олай бола қоймайтын шығар, біздің де көздегеніміз ол емес, тек Елбасыға жағам деп, біздің атқамінерлеріміз үлкен кісіні ұятқа қалдыруды доғарса екен дейміз.   

(Сурет motor.kz сайтынан алынды)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!