Адалбек АҚМӘДИҰЛЫ. Қашанғы шыдай бересің, қазағым менің бүгежек?!

%d0%bf%d0%be%d0%b6%d0%b0%d1%80

«Базарға барғым келмейді».
                                   Темірхан.

Өртеніп кетті тауарым,
Өртеніп жатыр миым да.
Қазанат қайран Қазағым,
Қалды ғой қарап тиынға.

Өртеніп кетті тауарым,
Базарға шыққым келмейді.
Қиналған қалың Қазағым,
Үміттің шамы сөнбейді.

Үмітін елдің ақтайтын,
Бір әкім керек жаны адал.
Қазақты қалай соттайсың?!
Соттайсың!..
Оған жоқ амал!

Өртеніп кетті бар мүлік,
Өртенді және ұрланды.
Далада қалдым қаңғырып,
Алсаңшы Құдай қу жанды!

Не дейін билік мен саған,
Екенсің сен де тас жүрек!..
Кемпір мен шалды қаусаған,
Бағады қалай жас түлек?!

Бағады қалай баласын,
Базарды кезген мүгедек?!
Құшақтап баба моласын,
Үмітім бейбақ түнемек!

Қашаңғы шыдай бересің?!.
Қазағым менің бүгежек!..
Ақшаның қуып елесін,
Жүрегім тағы жүдемек.

Базарға барғым келмейді.
Қалды ғой Жүрек шайлығып.
Сені де Мені Жер жейді,
Жүре тұр әзір Ай мініп…
Адал Бек!!!

13.09.2013 жыл.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!