«Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» кітабының таныстырылымы өтті

d4s_2867

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жазушы, филология ғылымының кандидаты, түркітану кафедрасының профессоры,  Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының  және Күлтегін сыйлығының иегері Қойшығара Салғараұлының «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Шараға Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақын-жазушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

d4s_2862

Ұлттық музей дирd4s_2851екторы Дархан Мыңбай: «Бүгінгі таныстырылып отырған кітаптың өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені біздің тарихымызға қатысты еңбектер көп, бірақ, Қойшығара Салғараұлының тарихымызды зерттеуге қосқан үлесі зор. Оған қоса қазақ тарихына тәуелсіздік тұрғысынан баға беріп, ғылыми еңбек жазып жүрген авторлардың бірі әрі бірегейі осы кісі. Өз тарихымызды ұялмай көрсетер тұста алға қоятын еңбектердің бірі осы  Қойшығара Салғараұлының еңбектері» деп кітаптың ерекшелігін атап өтті.

Басқосуға қатысушылар автордың «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты еңбегіне талдау жасап, пікірлерін білдірді. ҚР Президенті сыйлығының лауреты, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашов: «Қойшығара Салғараұлының бұл кітабында мықты ғалымдармен, тіпті, дүниежүзіне белгілі тарихшылармен пікірталастыра келіп, айтқан батыл пікірлері жетерлік. Сол пікірлерді оқи отырып, сондай пікірлерге қалай баруға болады деп таңданғанымды да жасырмаймын. Одан кейін терең ізденістің нәтижесінде сонау гректердің ежелгі түріктермен сабақтасып жатқанын сөз түбірі арқылы және Геродоттың еңбегі арқылы бекіте түседі», дей келе кітап туралы өз пікірін білдірді.

 Аталған кітап Қойшығара Салғараұлының бұған дейін жарық көрген «Ежелгі түріктер», «Шығыстағы түріктер» және «Ортағасырлық түріктер» атты зерттеу  еңбектерінің қорытынды түйіні іспеттес. Мұнда автор қазіргі таңда «түріктектес», «түріктілдес» деп аталатын халықтардың арғы ата-бабаларының естен өшкен ескі замандардағы тарихына қатысты бұрын-соңды зерттеушілер қаламына ілікпеген әлем халықтарының мифологиясындағы тарихтық, тілдік деректерді бүгінгі археология, лингвистика, генетика, тарих ғылымдарының жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы өзіндік жаңа, тосын пайымдаулар жасайды. Тың ойлары оқырманын бірден баурап, қызықтырып, одан әрі оқуға жетелеп отырады.

d4s_2898

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!