Сайт туралы

«Халық сөзі» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты 2010 жылғы 19 маусымнан бастап шығады. Газеттік нұсқасы 2010-2013 жылдар аралығында аптасына екі рет сейсенбі, жұма күндері жарық көріп тұрды. Газеттің бас редакторы – Қуат Әуесбай.

2011 жылы «Халық сөзін айтсақ…» атты зиялы қауым өкілдерінің ой-толғамдары жинағы жарық көрді.

2011 жылы Алматы қаласында «Халық сөзі» халық әндеріне шақырады» атты кайырымдылық концерті өтті.

2011 жылы «Халық сөзі» газетінің ұжымы Алматыда өткізген қайырымдылық концерті үшін «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының құрмет грамотасына ие болды.

2013 жылы «Халық сөзі» газетінің үздік сараптамалық мақалалары мен сұхбаттары кітабы жарық көрді.

2016 жылы «Халық сөзі» қоғамдық-саяси газеті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ақпарат және байланыс комитетінде қайта тіркеуден өтіп, № 15992-ИА  куәлігі берілді.

error: Көшіруге рұқсат жоқ!