Қытайдан келген оқушы қыз 2017 асықтан көк туымызды жасап шықты

%d0%ba%d1%83%d0%bb%d0%b0%d0%bd

14423833_1083751088339767_1043714970_o

 Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Атамұра – ұрпаққа мирас» атты конференция өтті. Шараны музей ұжымы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облысындағы филиалымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция алдында шетелдегі қандастардың қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды. Солардың бірі асықтан жасалған көк туымыз (суретте) музейге келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Аталған еңбектің авторы Құлан Жарқынқызы – Қытайдың Тарбағатай аймағы, Толы ауылынан осы шараға арнайы келіп отыр. Қазақтың шынашақтай қызы Қытайда 12 сыныпта оқиды екен. «Менің қазақ еліне жасаған тартуым болсын. Бұл туды мен арнайы ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап жасадым. Ала жаздай ауыл-ауылдан асық жинап, туп-тура 2017 асықты қолдандым. Біздің Қытайдағы қазақтардың атажұртымызда өткелі жатқан ірі көрмеге қосқан аз да болса үлесі деп білерсіздер» дейді Құлан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!