«Допингпен ұсталған спортшының сыйақысын қайтарып алу керек деген заң жоқ» – С. Мұсайбеков, вице-министр

musaibekДопинг қолданғаны әшкере болған қазақстандық спортшылардың медальдары қайтарылса да, оларға Үкімет тарапынан берілген сыйақылар мен пәтерлер қайтарылмайтын болды. Бұл жайлы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдеді.

«Болар іс болды, қайтеміз енді?! Көнбеске шара жоқ. Ал спортшыларымызға берілген сыйақы, пәтерлер бойынша айтар болсақ, оларды қайтарып алуға заңдық негіз жоқ. Спортшы допингпен ұсталып қалса, соған байланысты сыйақысынан айыру деген норма болған емес» дейді Мәдениет және спорт вице-министрі.

Еске сала кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті допинг дауына іліккен 2012 жылғы Олимпиаданың чемпиондары Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедованың алтын медальдарын қайтарып алу туралы шешім шығарғаны белгілі. Сонымен қатар, 2008 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Таймураз Тигиевтің де медалі қайтарылатын болды. Олимпиада комитеті мен WADA ұйымының қайта тексерісінен кейін аталған спортшылардың қанында тыйым салынған препараттар анықталған-ды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!