АСТАНАҒА КЕЛУГЕ КІМДЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ? немесе 1 қаңтарда аса ауыр қылмыс жасағандар бостандыққа шығады

Long timeБилік EXPO-2017 көрмесіне қызу дайындалуда. Жақында халықаралық шара кезіндегі қауіпсіздік мәселесі талқыланып, онда көрме өтіп жатқан кезде белгілі бір адамдардың Астанаға келуіне тыйым салу мәселесі қаралды.

Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Астана қаласы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында шаһар басшысының орынбасары Андрей Лукин халықаралық көрме кезінде елордаға келуге кімдерге тыйым салынуы мүмкін екені жайлы айтты. Бұл негізінен қатаң режимдегі абақтыларда жазасын өтеген адамдарға, дәлірек айтсақ, ЕЦ-166/10 и ЕЦ-166/5 колонияларынан бостандыққа шыққандарға қатысты.

lukin«1 қаңтарда бірнеше адам бостандыққа шығарылады. Олар аса ауыр қылмыс жасағандар» деді А.Лукин. Оның айтуынша, бостандыққа шыққалы отырған адамдар негізінен кісі өлтіргені, тонағаны, зорлағаны және есірткі әзірлеп, сатқаны үшін жазасын өтегендер. Мысал үшін айтсақ,  есірткі саудасымен айналысқан наркобарондардың өзі 124 адам.

«Әрине, олар   баспана, жұмыс табуы керек. Ұзақ уақыт абақтыда болған соң бостандыққа бейімделуі үшін біраз уақыт керек. Осыған орай біз ол адамдардың 2017 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін Астанаға келуіне тыйым салу туралы ұсыныс жасаған болатынбыз» деді А.Лукин.

Астана қаласы әкімінің орынбасары бұл мәселе басқа жеңіл қылмыс жасаған адамдарға қатысы жоқ екенін атап өтті.

Атап өтейік, мұндай ұсынысты қала басшылығы EXPO-ның қауіпсіздік шаралары жөніндегі сарапшылардан құралған жұмыс тобында жария еткен болатын. Жұмыс тобына Ұлттық қауіпсіздік, Бас прокуратура, әкімшілік және тағы басқа қызметкерлер кіреді.

Сонымен қатар, қала әкімдігінде тұрғылықты жері жоқ адамдардың санын да азайту бойынша жұмыстар атқарылуда. Әкім орынбасарының айтуынша, мұндай адамдар қалада мыңдап саналады, олардың тек 290-ның ғана құжаттары бар.

EXPO-2017 көрмесі кезінде 7,5 мың адам қаладағы қауіпсіздікті қадағалайды. Оның ішінде 5 мыңнан астамы ішкі істер органдарының қызметкерлері, 1,5 мыңы әскерилер, сондай-ақ, 600-ден астамы жеке  күзет мекемелерінің қызметкерлері бар.

Фото tengrinews.kz.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!