Оңтүстіктің музейі «Ең үздік музей» атанды

d4s_6950Астанадағы Ұлттық музейде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік музейлер мен қорық-музейлер арасында ұйымдастырылған «Ең үздік музей» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау жұмысы қыркүйекте басталып екі ай бойы жалғасқан. Нәтижесінде байқауға қатысушы үміткерлер Үздік мемлекеттік музей (облыстық дәрежедегі), Үздік қорық-музей, Үздік мемлекеттік музей (аудандық (қалалық) дәрежедегі), Мемлекеттік музейдің (облыстық дәрежедегі) үздік қызметкері, Мемлекеттік қорық – музейдің үздік қызметкері, Мемлекеттік музейдің (аудандық (қалалық) дәрежедегі) үздік қызметкері номинациялары бойынша марапатталды.d4s_7080Сонымен, «Облыстық дәрежедегі үздік мемлекеттік музей»  номинациясын ОҚО Тарихи-өлкетану мұражайы жеңіп алса, «Үздік қорық-музей» номинациясын ШҚО Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы иеленді. «Аудандық, қалалық дәрежедегі үздік мемлекеттік музей» номинациясы бойынша Жезқазған тарихи-археологиялық музейі жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек еліміздегі музейлердің қызметкерлері де марапатталды. Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің атынан дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Байқаудың негізгі мақсаты — мемлекеттік музейлер мен қорық- музейлердің және музей қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру және жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, музей саласындағы шығармашылық және инновациялық бастамаларға қолдау көрсету.

d4s_7122Салтанатты шарада сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қуатжан Уалиев: «Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына үлкен жетістікпен жеттік. Ол жетістіктерге музей саласының қызметкерлерінің қосқан үлесі аз емес. Тәуелсіздік алғалы еліміздегі музейлердің барлығы аяқтарынан нық тұрды. Елбасы Ұлттық музей салуға ұйытқы болып, өзге музейлерді де дамытуға ерекше көңіл бөлді. Бүгінгі өтіп жатқан конкурс ендігі жерде өз жалғасын табатынына сеніміміз кәміл» деп, музей саласындағы қызметтің маңыздылығына тоқталып өтті.d4s_7112

Суреттерді түсірген Қанат Мусин.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!