Серік Абас-шах. Мәдениетіміз қандай, министріміз де сондай…

arystanbekМәдениет министрінің ешқайсысы…
Жоқ, дұрысы былай жазылса керек-ті: қазақ министрінің ешқайсысы да «бірдеңесін шығару үшін» дәл осы кісідей «жер өртемеген» болар?
Бұл кісі «ел аузында», ылғи да…
Бұл кісінің «артық қыламы, тыртық бола береді», ылғи да…
Бұл кісі «үрлемесе» де «шөптің басы қимылдай береді», ылғи да…
«Ылғи-дамыз ылғи да…»
«Неге осы кісіні (ылғи) назарда ұстайсыз» дейді, біреулер.
«Ұстағым» келіп тұрғаны, шамалы ғой. Өзі емес пе, «ұстала беретін»?
Әйтпесе, бұл кісіге жеткізе алмай жүрген өкпем, ала алмай жүрген өшім жоқ.
Бұрынырақта, ептеп болса да сырттай сыйласатынбыз.
Арекеңнің өзіне тән адами қасиетін жоққа шығармаймын.
Бірақ, мемлекеттік лауазым иесі болуға «өзіне тән адами қасиет» тым аздық етеді.
Үкімет мүшелігіне мемлекеттік деңгейде ойлап, мемлекеттік деңгейде жұмыс істейтін адам ғана бару керек. Бұл елдің бәріне түсінікті.
Ал, Арекеңнің өзі туралы пікірі біз ойлағаннан әлдеғайда жоғары болуы мүмкін.
Олай ойламаса, аталмыш қызметке мылтық кезенсе де бармас еді. Қатты ұялар еді. Қатты қысылар еді.
Бірақ, өз өзіне өте сенетін адам неге ұялуға тиіс? Неден қысылады?
Арекеңнің «жарасымды қылықтарына» да, Жиренше шешенді он орайтын «ораторлығына» да бой үйреттік.
Бұл үшін оған кінә арта алмайсың.
Өзіміздің мәдениетіміз қандай, министріміз де сондай…

Жазба автордың Фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды.

Сурет today.kz сайтынан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!