Балуан шолақтың белдігі

nik_2460Қазақтың атақты балуаны, әнші, композитор, ақын Баймырза ұлы Балуан Шолақтың кісе белдігі. Белдік XIX ғасырдың ортасы кезінде  жасалған.  Белдікті балуанның шөбересі Ербол Шалқарұлы Шермағамбетов 2008 жылы Президенттік Мәдениет орталығының музей қорына тапсырған. Қазір белдік Ұлттық музейдің бағалы жәдігерлерінің бірі болып саналады.

Сарыарқасын сазды әуенмен тербеткен заманының айтулы серісі болған Балуан Шолақтың  кісе белдігінің авторы – белгісіз. Талантты зергердің қолынан шыққан бұл тамаша бұйым ұлттық мәдениетімізге қосылған үлкен үлес болып табылады. Белдік былғарыдан жасалып, сырты күміс шытыралармен әсемделген. Белдіктің сырты және оған орналастырылған құймалар оюмен өрнектелген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!