25 жылда тым құрыса «Тәуелсіздік» сөзін қатесіз жазуды үйрене алмағанымыз ба? (фото)

%d1%82%d0%b0%d1%83Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл. Қалам ұстаған қауымның, жалпы ұлт жанашырларының қазақ тілінің мәселесін айтып, жазып келе жатқанына да осыншама уақыт болды. Егемендігіміздің алғашқы жылдарында «көш жүре түзеледі» деп, тілге қатысты ірілі-ұсақты кем-кетіктерге көз жұма салушы едік. Әкім не министр өз ана тілінде сөйлей алмай, қиналып тұрғанда да кешіріммен қарайтынбыз. Қазақ тіліндегі мәтіндерде қате өріп жүрсе де сабырмен қабылдаушы едік. Ау, 25 жыл болды ғой! Қашанғы төзуге, көнуге болады енді?!

Айтайын дегеніміз мынау, елордадағы Тәуелсіздік даңғылы аялдамасындағы Астана қаласының қоғамдық көліктерінің жүріс («жүріс!» дегені де біртүрлі екен) сызбасы делінген ақпараттық тақтада (фотода) аялдаманың атауы өрескел қатемен жазылған. ТәуелсЫздЫҚ даңғылы аялдамасы. Бұл не, мазақ па? Маңдайшалардың жаңадан қойылғаны көрініп тұр, оған қанша қаражат кеткенін ойласақ, зығырданың қайнайды.

25 жылда тым құрыса, ең аяулы да қастерлі ұғым «Тәуелсіздік» сөзін дұрыс жаза алмағанымыз қалай? Бұл әріберіден соң  тәуелсіздікті қадірлемеу, құнын төмендету, тіпті қорлау емес пе?! 

Қалалық әкімдіктің қаперіне: Тез арада мына өрескелдік түзетілуі тиіс! 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!