Мейрамбек Бесбаевқа Ғарифолла Есім жетекшілік етпек

20160923_224750

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев биыл Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Мәдениеттану факультетінің магистратурасына түскен болатын.  Оқуға түскенімен, сабаққа бармайтын әншілердей жүрдім-бардым қарамай, Мейрамбек бұл мәселеге шындап кіріскен сияқты. Онысы дұрыс-ақ, қашанғы той-томалақ, концерт жағалап жүре бермек. Әнші жақында  ғылыми диссертациясының тақырыбы мен жетекшісін бекітіпті.

– Қазақ философиясы мен мәдениеттану ғылымында айрықша қолтаңбасы бар ғалым, қоғам қайраткері, абайтанушы Ғарифолла Есім ағаның еңбектерін  бұрыннан білетін едім. Бүгін Ғарифолла аға Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде магистрлік диссертацияма  ғылыми жетекшім болып бекітілді. Әйгілі академик ғалымға шәкірт болу мен үшін үлкен мәртебе болды. Алла қаласа, алдағы екі жылда талай ғылым докторлары мен кандидаттарын тәрбиелеген ұстаздың ұлағатын аламыз – деп жазады Мейрамбек Бесбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтпақшы, екі жыл бұрын дәл осы факультетке әнші Қайрат Нұртас та түскен болатын. Бірақ Қайраттың топтастары әншіні сол күйі сабақтан көре алмай кеткенін айтады. Мемлекеттік грант бойынша магистратураға қабылданған Қайрат Нұртас оқуын соңына дейін аяқтаған-аяқтамағаны да белгісіз.

(Сурет әншінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!