Алтайдың алты айдағы алты ісі

%d0%ba%d0%be%d0%bb%d0%b3%d0%b8%d0%bd%d0%be%d0%b2

Алтай Сейдірұлының БҚО əкімі қызметіне келгеніне бүгін тура алты ай толыпты. Соған орай Оралға сапарымның әсері бойынша өңір басшысының қызметін сараптап көрдік.

1. Тұрғын үй. БҚО-да тұрғын үй құрылысы қарқынды. Биылдың өзінде Астана күнінде, Қала күнінде мыңдаған отбасы қоныстойын тойлады. Жыл басынан бері 150 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін Орал қаласының 5 мыңнан астам тұрғынын 1562 пәтермен қамтитын 14 тұрғын үйді тапсыру, Оқушылар сарайының, 300 орынды қамтитын көп салалы қалалық аурухананың ашылуы жоспарланған.

2. Су мәселесі. Облыс халқының 90 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылды. Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала және Қазталов аудандары ауыл шаруашылығына қажет судың 80 пайызын Ресейден алады. Жайық суын Қараөзенге қосатын Киров-Шежін су арнасы 2018 жылы аяқталады. Ел Еділ суына тәуелсіз болып, оған Үкіметтен жыл сайын бөлінетін 400 млн. теңге қаражат үнемделеді.

3. Жолдар. Облыс орталығының басты көшелері биыл толық жөнделуде. Жалпы облыста 255 шақырым жол күрделі жөндеуден өткен. Ең алыс аудандарға тас жол жетер күн алыс емес. Қазір Жалпақтал тұсына дейін салынған жол келер жылы Қазталов, одан кейін Жәнібекке жетпек.

4. Абаттандыру. Оралда жаңа алаң ашылып, ескерткіштер бой көтеруде. Жасыл желек көбейіп, саябақтар көркейе түскен.

5. Экономика. Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2019 жылға дейін 72 млрд.теңгенің 11 жобасын іске қосу көзделуде. 2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша аталған бағдарлама бойынша жүзеге асқан 31 жобаның 24-і жоғары жоспарлы қуатқа шықты, ал қалған 7-і толық қуатта жұмыс істеуге талпынуда. Инвестиция көптеп тартылуда.

6. Спорт. Қазір қалада 44 спорт алаңы болса, келесі жылы тағы 30-ын салуға қаржы бөлінген. Үлкен спорт кешендері салынуда. Көпшілік спорт жарыстары жиі өткізіліп, оларға чемпиондарды шақыру дәстүрге айналып келеді. Ол спорттық шаралардың бәрінде облыс әкімінің өзі белсене қатысады.

Қанат Әуесбай, журналист

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!