Елбасы келе жатыр, көңілсіз жұрт, көнетоз үйлерді көзден таса етіңдер!

%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%ba%d0%b0-2

%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%ba%d0%b0

%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%ba%d0%b01

Біздің шенеуніктер таңдандыруын қоймайды. Күні кеше ғана Қостанай облысына Елбасы барады деп, асфальтты қолмен жуып жатқан жұмысшылар суретке түсіп қалып, ел арасында біраз күлкі тудырған еді. Артынша өңір басшылығы «Суреттегі көрініс жолдың бұзылған жерлерін қалпына келтіру үшін қолданылатын техникалық жұмыс. Жолдың бұзылған учаскесіне бояуды дұрыстап жағып, шаң кіргізбей, бояуды таза жерге жағу үшін осындай әдіс керек. Оның үстіне, қазір күз мезгілі, айнала толған шаң», — деп Қостанай әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдин түсініктеме берген екен. Қалай дегенмен, Мемлекет басшысы келеді деп, апұл-ғұпыл қолға алынған шаруа екені көзге ұрады.

Енді міне, Қызылордада да осындай жанталас басталып кеткен сияқты. Өйткені онда жақында Президент Нұрсұлтан Назарбаев барғалы жатыр. Шамасы жергілікті шенеуніктер халықтың шынайы хал-ахуалын Елбасынан жасырғысы келетін сияқты. Тозған үй, қақыраған қабырға, қысқасы жол бойындағы кіл көңілсіз көріністерді қаңылтырдан шарбақ тұрғызып жауып қойыпты. Мемлекет басшысын бұл жолмен жүргізбеуге болмай тұрған сияқты, өйткені Н.Назарбаев Титов ауылының маңында орналасқан  шыны зауытының құрылысы барысымен танысады деп күтілуде. Сондықтан жол бойындағы көнетоз үйлерді көзден таса етуге тапсырма берілген көрінеді. Nur.kz порталы таратқан ақпаратқа сенсек, ауыл тұрғындары әлгі шарбақтардан жолға шыққан көліктерге қарсы беттегі қозғалыс көрінбей біраз ыңғайсыздықтар тудырған. Тіпті жол апаттары жиілегенін айтады олар.

– Біздің үйіміз 1989 жылы салынған. Мұнда тұрып жатқаныма 16 жыл болды. Шатырымыздан үнемі су ағады да тұрады. Жыл он екі ай подъездіміздің іші масаға толы болады. Осындай ыңғайсыз жағдайда тұрып жатырмыз. Жақында ғана әкімшіліктен адамдар келіп, үйімізді жөндеп беретінін айтты. Қуанғаннан төбеміз көкке екі елі жетпей қалғандай еді. Бірақ сыртын әктеп, кіре берістегі есікті жаңалады да кетіп қалды. Ал қордаланып қалған проблемалар сол күйі қалды. Сосын біз жергілікті шенеуніктер Президенттің сапарына әзірленіп жатқанын естідік. Мемлекет басшысын бұлай алдаудың не керегі бар? – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Ал Айнұр Алдабергенова есімді тұрғын шешілмей жатқан мәселенің шашетектен екенін айтады.

– Біздің ауылда проблема деген жетеді, ешқайсысы шешіліп жатқан жоқ. Асфальт жолдар жоқ. Жауын жауғанда жүру мүмкін болмай қалады. Жергілікті басшыларға қанша арыз-мұңымызды айтып барсақ та, одан қайраң болмай тұр. Жақында шарбақты орнатып қойды. Әкімдік қызметкерлері осымен біздің бар проблемамызды жауып қойғысы келген болар. Олар біздің қандай аянышты күйде өмір сүріп жатқанымызды Президенттің көрмегенін қалайтын болар – дейді ол.

(Суреттер Nur.kz порталынан алынды)

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Көшіруге рұқсат жоқ!