2013-12-27 12:12:28

2013 ЖЫЛДЫҢ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРЫ

Жылан – дәулет пен байлықтың символы. Бұл жылды атам қазақ кеңшілік пен молшылық, байлыққа кенелетін жыл деп қарсы алғаны белгілі. Иа, расында жылан жылға өкпеміз жоқ. Көл-көсір жетістік болмаса да Алаш жұрты аман-саулықта, береке-бірлікте шығарып салғалы отыр.

89 рет қаралды  |   2 пікір  |   Мезгіл


2013-12-13 13:52:00

МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҮЛГІСІ

Кеше еліміздің бас қаласы Астанаға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов келіп есеп берді. Халық саны ғана емес Алашқа арқау болған алыптарының көптігімен ерекшеленіп тұратын аймақ басшысы  жетістігін тізбелеп, бас-аяғы бір жылдың ішінде атқарылған жұмыстарын баяндады.

197 рет қаралды  |   2 пікір  |   Мезгіл


2013-12-06 15:53:08

«ТІЗЕСІ ШЫҚҚАН» ТАҚЫРЫП НЕМЕСЕ ҚҰЛАҒАН ШЫРША

Кеше бас қаламыз Астанада қатарынан екі шырша құлап қалды. Шырша болғанда да жаңа жылға арнап тігілген,  шу-шұрқаны көп мерекелік шырша болатын бұлар. Шу-шұрқаны көп деп әсірелеу үшін айтып отыр деп айыптай көрмеңіз. Мұның өзіндік бірнеше себебі бар.  Ең әуелі – шырша құлау науқаны бірінші рет болып отырған жоқ.

223 рет қаралды  |   3 пікір  |   Мезгіл


2013-11-27 16:26:39

ТУҒАНЫ – БІР, «ӨЛГЕНІ» ҮШ МИЛЛИОН СӘБИ

Мәжіліс қабырғасында әлеуметтік мәселелер, соның ішінде әсіресе дүниеге бала әкелген әйелдерге берілетін бір реттік жәрдемақы жайын жиі сөз ететін белсенді депутаттың бірі Тұрсынбек Өмірзақов осы аптада жөргекпұл мәселесіне қатысты тағы бір мәрте шу көтеріп, жұртты елеңдетіп тастады. 

176 рет қаралды  |   3 пікір  |   Мезгіл


2013-11-08 11:06:45

ДОШАЕВҚА "ДО СВИДАНИЯ!" ДЕГЕН КІМ?

Үкімет құрылымындағы ауыс-түйістер әлі де жалғасып жатыр. Көптен бері Президенттен сын естіп, ұнжырғасы түсіп жүрген Болат Жәмішев күтпеген жерден ат ауыстырып, өңірлерге аттанды. Ол Қаржы министрлігінен босап, Өңірлік дамыту министрлігінің тізгінін ұстады. Оның орнына (Қаржы министрлігі) бұған дейін Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып қызмет атқарған Бақыт Сұлтанов келіп жайғасты. Ал Өңірлерді дамыту министрлігі мен Премьер-министрдің бірінші орынбасары секілді қос қызметті қоса атқарып келген Бақытжан Сағынтаев Үкімет басшысы Серік Ахметовтің оң қолы болып қалды.

1096 рет қаралды  |   12 пікір  |   Мезгіл


2013-09-13 16:45:14

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘСЕЛЕСІ «МҰРЫН БҰЗҒАН ШЫРЫННАН» ДА МАҢЫЗДЫ

Өткен аптада Алматы әуежайынан мемлекеттік тілге байланысты мынандай көріністі байқадық. Барлық жерде қазақ тілі бірінші, орыс тілі екінші, ағылшын тілі үшінші қатарда жазулы тұр. Алайда әуежай ғимаратының төріндеге кафенің жардай қабырғасы кешегі күннен ескерткішке қалғандай әсер берді. Қабырғадағы бүкіл жазу атаулы түгел орыс және ағылшын тілінде ғана жазулы тұр. «Енді осыны түзеу үшін де біреу «ішіп» келіп айқай шығаруы керек пе?» деп ойладық.

420 рет қаралды  |   2 пікір  |   Мезгіл


2013-05-24 12:48:19

ТАРАЗИДЕН БАСТАЛҒАН ӘҢГІМЕ ТАСЖОЛДАН БІР-АҚ ШЫҚТЫ


Көліктеріне ру, жүз аттарын жазып алған жастардың әрекеті назарымызды қоғамдағы негізгі мәселелерден тағы да басқа жаққа аударып әкетті. Телеарналар сағаттап берген жаңалықтардың ішінен осы ақпарат басқаларынан гөрі көбірек талқылауға түсіп тұр. Құдалықтан бастап, барлық жиын-теріннің талғажауы осы тақырып болды біраз күннен бері. Репертуары жаңарып, тамадалардың да құдайы беріп қалды. Той-томалаққа жиналғандардың бәрі алдымен меймандардың мінген көліктерінің нөміріне қарайтын болды сығырайып.

680 рет қаралды  |   9 пікір  |   Мезгіл


2013-04-26 12:41:31

«БҰЛ НЕ БАСЫНУ?»


Апта басында Президент Нұрсұлтан Назарбаев үлкенді-кішілі шенеуніктерді иіріп тұрып, әкесін танытып ұрысты. Жеке басына көк тиын пайдасы болмаса да, теледидардың бергі жағындағы жұртшылықтың бір айызы қанып қалды. Әсіресе Нұрсұлтан Әбішұлының Астанадағы (және жалпы республикадағы)  үй бағасы туралы айтқаны ел көңіліне майдай жаққан еді.
Сонымен, Президент былай деген: «Жекелеген үйлердің бағасы шаршы метріне 4-5 мың долларға дейін жетті. Берлинде қазір пәтердің шаршы метрі 3 мың доллар тұрады, АҚШ пен Прагада 2,5 мың доллар, ал Астанада – 5 мың доллар! 2008 жылы, құрылыс компанияларының бәрі банкрот болғанда, бәрің маған келіп, Алматыда 1200 долларға, Астанада 1000 долларға салдыңдар. Ал енді қазір бұл не басыну? Айтыңдаршы ал, не болып қалды, қалайша үйдің бағасы соншалықты өсіп шыға келді?».

940 рет қаралды  |   8 пікір  |   Мезгіл


2013-04-26 12:34:07

АРТЫҚБАЕВ АРТЫҚ КЕТТІ НЕМЕСЕ ҚЫРЫҚ КІСІ БІР ЖАҚ, ҚЫҢЫР КІСІ БІР ЖАҚ


«Халық сөзі» газетінің 2013 жылғы сәуір айының 10-ы күнгі санында тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевтың «Қолдан қаһарман жасаудың халыққа пайдасы қанша? Немесе Социал Жұмабаев тарихпен емес, фантастикамен айналысса, көп жетістікке жетер ме еді?!» деген тақырыпта сұхбаты жарияланды. Оқырманымызға түсінікті болу үшін айта кетейік, мақала мазмұнының түйіні, тақырыбында жазылғандай Қожаберген жырау тарихта болмаған, қолдан жасалған қаһарман. Бәрі Социал Жұмабаевтың фантастикасы.

2608 рет қаралды  |   132 пікір  |   Мезгіл


2013-04-12 12:32:53

ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ ҚЫСҚАРТУ ҚАЙШЫСЫ АЯШЕВТЫҢ АУДАНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖЕТЕ МЕ?


Біздің елде жоғары оқу орнын ашу балабақша салудан да оңайырақ, әрі тиімді кәсіпке айналса керек-ті. Нарықтық қатынасқа енді ғана көшіп, ел -жұрт есін жия алмай жатқан сонау аласапыран кезде пысықтар, әр бұрыштан бір университет ашып, диплом тарата бастады емес пе?!  Бұған мысал облыс орталықтарын есептемегенде ауданға дейін жетіп жығылған университеттерді атауға болады. Ал Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың тынымсыз айтып келе жатқан бір тақырыбы бар. Ол – сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жабу мәселесі. Қазіргі таңда Қазақстанда 136 жоғары оқу орны бар. Бұл меже халықаралық көрсеткішпен есептегенде әлдеқайда артық көрінеді.

939 рет қаралды  |   9 пікір  |   Мезгіл


Жазылу

Жарнама

Қызық дерек

23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

Халықтан хат

Серіктестер

Іздеу