2013-11-08 10:44:21

АБЫЛАЙХАННЫҢ КҮЙЛЕРІ

Біртұтас Қазақ Ордасының ханы Абылайдың және оның ұрпақтарын халқымыздың қадір тұтатындығы  әмбеге аян.  Қазақ музыка тарихында елеулі хан әулетінің күйлері мен музыкаға әуестігі жөніндегі аңызға айналған кейбір гәптің бірен-сараны қағаз бетіне түскенімен, алайда толықтай жүйеленбеген.

478 рет қаралды  |   3 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


2013-11-08 10:04:52

ҒАФУ ӨТТІ ДЕГЕНШЕ, АҢЫЗ ӨТТІ ДЕСЕҢШІ...

Қазақтың көрнекті қаламгері Ғафу Қайырбековті «сағындық» деген адамдарды көп кездестірдім. Ол ақынның шығармашылығына да, өмірдегі болмысына да қатысты жағдай болуы керек. Ақынның жақында жарық көрген он томдығын да сондай ынтық көңілмен қолға алған едік. Серік Тұрғынбеков пен Болат Үсенбаевты он томдықты бірге талдауға шақырдық. Сұхбат «Мәдениет» телеарнасында түсіріліп, газеттік нұсқасы «Халық сөзіне» ұсынылып отыр.

413 рет қаралды  |   0 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


2013-10-25 12:08:46

БҰЛ ЖИҺАД, ҚАНДАЙ ЖИҺАД?

Жиһад жасаймыз деп Сирияға қоныс аударған 150 қазақ жайлы ақпарат құралдары бірінен соң бірі айтып жатыр. Ал қауіпсіздік пен тыныштықтың кепілі бола білерлік құзырлы орындар жақтан ақпарат там-тұмдап қана шығады. Әншейінде елім деп етегі жасқа толатын биліктің биік мінберіндегі атқамінерлер жағы да тым-тырыс. Ештеңе болмағандай. Өз Отаны тұрғанда оны тастай қашып, басқалар үшін қан төгуге әзірленіп барған бұл қандай топ өзі? Мұндай жанкештілердің әлі тағы қаншасы арамызда жүр? Мұндай қаныпезерлерге біздің заңдарымыз қандай шара қолдана алады? Көкейде сұрақ көп. Осы бір аса маңызды мәселеге қатысты көзқарасын білу мақсатында біраз адамға хабарласқанымызбен төмендегілері ғана өз пікірлерін білдіре алды.  

461 рет қаралды  |   0 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


2013-09-20 13:05:15

ӘДЕБИ ОРТА ЕЛЕМЕЙТІН ЖАЗУШЫНЫ ЕЛ НЕГЕ ҚЫЗЫҒЫП ОҚИДЫ?

«Екі иығын тоңған адамдай бүкшитіп, мұғалімге қарап қатып қалыпты. Өзге қыздардан бір айырмашылығы – тып-тығыз етіп өрген кәдімгі бұрымы бар». Бұл Нұрдәулет Ақыштың кейіпкері. Жазушы Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қыз» атты кітабын талдауға филолог-ғалымдар Гүлдархан Смағұлова мен Келіс Рахымжан келісім берген еді. Сұхбат «Мәдениет» телеарнасында түсіріліп, газеттік нұсқасы «Халық сөзіне ұсынылып отыр.

658 рет қаралды  |   0 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


2013-09-13 16:08:07

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ: ОН ЖЫЛДАН КЕЙІН ОСЫ СӨЗІМДІ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫЛАРДЫҢ БӘРІ АЙТАТЫН БОЛАДЫ

– Сұлтанәлі аға, осы уақытқа дейін еліміздің театрларында жалпы саны қанша спектакліңіз сахналанды? Әңгімемізді осыдан бастайықшы...
– Қанша шығармамның сахналанғанын осы күнге дейін отырып, арнайы санап көрмеппін. Күні кеше әйелім Қарағандыға барған. Театрға барса, менің  «Жымбала, Мико және қасқыр» атты балаларға арналған пьесамды Қарағанды театры қойыпты. Оны мен білмеймін. Қай облысқа барсам да, облыстық театрлардың репертуарында менің туындыларым бар. Бұрын шығармаңның қанша рет қойылғаны, қай театрда сахналанғаны есепке алынатын. Қазір ондай бар ма, жоқ па білмеймін. Өзімнің білуімше, Қазақстанда менің пьесамды сахналамаған театр жоқ. Алды 2-3-тен қойды тіпті.

560 рет қаралды  |   4 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


2013-08-23 12:08:07

ӘДЕБИ ОРТАҒА ӘБДІРАШТЫҢ ЖАРАСҚАНЫНЫҢ КӨЗІМЕН ҚАРАСАҚ...


Әдеби ортаның серпіле алмай келе жатқанына біраз болды. Көпшілігіміз бұл мәселені Қазақстан Жазушылар одағына апарып тіреп қоямыз. «Ал енді өзіміздің белсенділігіміз қандай? Әдеби орта кімдермен тірі? Несімен тірі?» – деген сұрақ бәрібір алдымыздан шығып тұрады. Осындай әңгіме қозғалған кезде поэзиясымен де, сын мақалаларымен де, содан кейін қаламдастарына арнап жазған эпиграммаларымен де әдеби ортаны түртпектеп, тірілтіп отыратын Әбдіраштың Жарасқаны сияқты қаламгерлеріміз еріксіз еске түседі. «Парыз, парасат, пайым» және «Сана соқпағы» атты Әбдіраштың Жарасқанының екі кітабын талдауға себеп болған нәрсе осы еді. Кәсіби әдебиет сыншысы Бақыт Сарбалұлы мен танымал ақын Мырзан Кенжебай әңгіме көрігін қыздырды. Сұхбат «Мәдениет» телеарнасында түсіріліп, газеттік нұсқасы «Халық сөзіне» ұсынылып отыр.

633 рет қаралды  |   1 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


2013-08-16 14:28:06

Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, ҚАЗАҚТЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ БОЛЫС САЙЛАУЫНДА БҰЗЫЛДЫ


– Мекемтас аға, сізді халық бірінші кезекте абайтанушы ретінде біледі. Айтыңызшы, Абайдың басты өкініші не еді?

– Абай өзінің саяси-лирикалық өлеңінде «Моласындай бақсының, Жалғыз қалдым, тап шыным» деп уайымға салынады. Бұл – Патшалық Ресей саясатының негізінде қазақ даласында аумақтық болыс сайлауы институты енгізілген шақ. Бұл саясат қазақ болмысы үшін аса зиянды болды. Себебі, ағайын арасын бүлдіруді, ел тыныштығын бұзуды көздеген саясат еді.

566 рет қаралды  |   0 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


2013-05-03 12:51:10

Сейітхан ЖОШЫБАЕВ, кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор: БІРЕУДІҢ ЖҮРЕГІ БІРЕУГЕ ӨМІР СЫЙЛАП ЖАТСА, ОНЫҢ НЕСІ АЙЫП?!


ӘРБІР МИЛЛИОН АДАМНЫҢ 500-НЕ ЖҮРЕК АУРУЛАРЫН ЕМДЕУ ҮШІН ОТА ЖАСАЛУЫ ТИІС ЕКЕН
– Демалыс күндері де жұмысқа шығып, ота жасағалы жатыр екенсіз. Үнемі осылай ма? 
–  Алдыңғы қатарлы, өскен-өнген 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін күнде демала бергеніміз жарамас. Алдымыздағы мемлекеттер де қарап отырған жоқ. Бізден гөрі дамып бара жатыр. Біз олардың артында қуалап келе жатқан адамбыз. Сондықтан, біз көп демалғаннан гөрі, көбірек жұмыс істегеніміз жөн шығар. Біздегі науқастардың барлығы жүрек ауруларымен келгендер.

1055 рет қаралды  |   7 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


2013-04-26 12:22:15

Бейбіт ОРАЛҰЛЫ: ӘКЕМ СӘКЕН СЕЙФУЛЛИНМЕН МАГАДАНҒА БІРГЕ БАРҒАН...


– Қазір қайда жүрсіз әңгімемізді осыдан бастайықшы...
– Үйдемін, еркін шығармашылық адамымын деуге болады.
– Кәсіби композитор, кәсіби музыканттың қызметсіз жүргені біртүрлі екен...
– «Боз жорға» атты Өнер орталығым бар. Сол орталықта бірнеше жастың басын қосып, «Тамсан» атты төрт қыздан тұратын вокалды топ құрдым. Жақында сол қыздар Санкт Петербургтегі «Парад Планеты» атты конкурстан бірінші орын алып келді.  Үйде бос жатқаным жоқ, өзімнің студиямда әндер жазамын. Бірақ, соңғы кездері тұрақты бір мекемеге жұмысқа тұру жайлы ойлана бастадым. Өйткені 4-5 жылда зейнет жасына келеді екенмін.

1211 рет қаралды  |   3 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


2013-04-02 09:55:47

Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ: ӘУЕЗОВ СУРЕТТЕГЕНДЕЙ ҚҰНАНБАЙ ШЫНЖЫР БАЛАҚ, ШҰБАР ТӨС БОЛЫС БОЛМАҒАН


– Досхан аға, Құнанбай туралы фильм түсіріп жатқаныңызды естіп едік. Әдетте Абай мен Құнанбай жайлы фильм түсіруді режиссерлер өзінің толысып, кемелденген шағында қолға алушы еді. Өзіңізді Құнанбайды түсіруге қаншалықты дайынмын деп ойлайсыз?


1393 рет қаралды  |   19 пікір  |   Бүкпесіз әңгіме


Жазылу

Жарнама

Қызық дерек

23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

Халықтан хат

Серіктестер

Іздеу