2013-12-13 14:08:29

«ТӘРТІПСІЗ ТАРИФ» ЖӘНЕ 1,3 МЛРД ТЕҢГЕ ТУРАЛЫ КЕНШІЛЕР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ГӨЙ-ГӨЙ

«Қыс шанаңды жаз сайла» деп атамыз қазақ қаншама құнттаса да, қарағандылық шенеуніктер мен монополистер осы бір нақылды нақтылап түсіне алмай-ақ қойған сияқты. Неге десеңіз, қабағына қырау қатқан қыс шіркінің «әне-міне кеп қалдым, көрпе-жастығың дайын ба?» деп еңіретіп келіп етектен алғанша жергілікті басшы-қосшы «жазды күн шілде болғанда...»

155 рет қаралды  |   2 пікір  |   Халық пен билік


2013-12-06 15:24:33

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ДЕПУТАТТАР ҚАТЕЛЕСПЕЙ МЕ?

Шынында да, депутаттар қателесе ме осы?
Мүмкін. Әбден мүмкін. Ал енді қарағандылық депутаттар ше?
Мұны енді қалалық прокуратура біледі.
Неге қалалық прокуратура?
Бұл туралы сәл кейінірек.
Әлқисса:
Қарағандыда өзара  «қырық пышақ боп кескілескен» өзекті бір мәселе дәл бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұр.

168 рет қаралды  |   5 пікір  |   Халық пен билік


2013-11-15 15:23:18

Досай КЕНЖЕТАЙ. САЛАФИЛЕРДІҢ САЯСАТЫ ҰЛТСЫЗДАНДЫРУДАН ДА ҚАУІПТІ

Ислам өмір философиясы, қоғамның әрбір мүшесінің ең ұлы кісілік, құндылық иесі болып қалыптасуына, адамды сүюге, әділет, адалдық, басқа дінге құрмет пен төзімділік түсінігін егетін дін деп түсінеміз. Сол үшін исламның тарихын, жүріп өткен жолын, өзіміздің осы жолдағы ата-бабаларымыздың ислам өркениетіне қосқан үлесін тану арқылы білу біздің бүгінгі парызымыз. Біз ұлттық тәуелсіздігімізді баянды ету мақсатында қоғамдағы әрбір адамға жалпы адамдық құндылықтарды, исламның негіздерін уақыт пен кеңістік талабы шеңберінде түсіндірумен қатар, исламдағы зиянды ағымдардың негізгі стратегиясын, мүддесін қоғамдық пайда тұрғысынан ашып көрсетуіміз қажет.

668 рет қаралды  |   7 пікір  |   Халық пен билік


2013-10-18 12:46:28

КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ КЕЛУІ ТЕГІН ЕМЕС

Бұрнағы күні ел жұмысынан қайтуға ыңғайлана бастаған апақ-сапақта Сенат спикерi мен Жо¬ғар¬ғы сот төрағасы ауы¬сты деген ақпарат тарады. Күтпеген жерден БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметiне тағайындалып, үлкен миссия арқалап Женеваға кеткен Қасым-Жомарт Тоқаев елге қайтып оралды. Мемлекет басшысының өкімімен Сенат төрағасы болып тағайындалды. Ал бұған дейiн жоғары палатаның төрін күзеткен Қайрат Жоғарғы соттың төрағасы қызметiне қайта барып жайғасты.

469 рет қаралды  |   0 пікір  |   Халық пен билік


2013-10-18 12:18:56

ҒАЛАМТОРЛЫҚ ГАЗЕТКЕ ДАЯРСЫЗ БА?

Қай дәуірде, қай кезеңде  болмасын ақпараттық саясат сол елдің басты назарда ұстайтын мәселесінің бірі екенін айтпаса да түсінікті. Оның үстіне бүгінгі уақыт нағыз ақпарат тасқынының шарықтап тұрған мезгілі. Еліміз өз алдына дербестігін алғанына 20 жылдан асқанымен жатжұрттық ақпараттық экспансиядан құтыла алмай отырғанымыз да жасырын емес. Дәл осындай қысылтаяң кезеңде жарық көріп жатқан қазақтілді газет-журналдардың да жағдайы мәз емес. Оның себебін түсіндіру үшін талай мақала жазуға болады. Бір өкініштісі  әлгі әупірімдеп тұрған басылымдардың өзі ашылуынан жабылуы тез болады. Соңғы жиырма жылдың ішінде талай қазақтілді басылымның жабылып қалғанын ел біледі. Енді соңғы кезде қазақ газеттері қағаз нұсқадан ғаламторлық нұсқаға көшеді деген сөз гулеп тұр. Егер қазақ газеттері ғаламторланып кетсе оны қабылдауға аудитория қаншалықты даяр? Бұл жайында осы сала мамандары сөйлесін.

311 рет қаралды  |   0 пікір  |   Халық пен билік


2013-10-11 12:30:10

РОS-ТЕРМИНАЛ: ҚАЖЕТІ БАР МА ОСЫНЫҢ?

Үстіміздегі жылдың қаңтарынан бері Қарағандының әйдік-әйдік деген сауда нүктелері роs-терминал» деген өркениеттің жап-жаңа  құрылғысымен жұмыс істеуге көшкен еді. Көшкені бар болсын, жап-жаңа құрылғының жақсы жағынан гөрі, жағымсыз жақтары «шаш етектен» болып шықты.
Әлқисса, жаңалық атаулыға жаны құмар жамағат жақсы біледі - биылғы жаңа жылдан бастап, жағымды дейміз бе, әлде жағымсыз дейміз бе, еліміздегі қаржы саласына «эквайринг» деген термин енді.

245 рет қаралды  |   3 пікір  |   Халық пен билік


2013-09-06 11:30:31

КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ӘЗІРМІЗ БЕ?

Климаттың жаһандық өзгеруі енді ғылыми пікірталас тудырушы өзекті тақырыптан гөрі әлем назарын өзіне аударған күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ғалымдардың  зерттеуі көрсеткендей,  1880 жылдан бастап ғаламшардағы орташа температура 0,8 градусқа көтерілді. Егер зерделеп қарар болсақ, климаттағы 20 өзгерістің 19-ы 1980 жылдан кейінгі уақытқа тұспа-тұс келеді.

644 рет қаралды  |   0 пікір  |   Халық пен билік


2013-08-16 14:35:12

«ҚАЗАҚСТАН» СПОРТ САРАЙЫН ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ АТЫМЕН АТАСАҚ


Сөз жоқ, «Қазақстан барысы» турнирінің жыл өткен сайын ауқымы кеңіп, қанатын жайып келе жатқаны анық. Десе де, әлі де байыта, дамыта түсетін тұстары баршылық. Осы тұста бізден бір ұсыныс, аталған турнирдің алдында балуандар Астанадан таяқ тастам жердегі Қажымұқан ауылына барып, күш атасының әруағына құран бағыштап, сондағы шағын мұражайын аралап көрсе нұр үстіне нұр болар еді. Алып күш иесі, қазақ халқының даңқын күллі әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасұлына 1910 жылы берілген кубок «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің мұражай залында тұр. Осыны тұмар ретінде өздерімен бірге алып жүрсе балуандарымыздың рухы бір көтеріліп қалар ма еді.

363 рет қаралды  |   5 пікір  |   Халық пен билік


2013-07-05 17:09:10

АУЫЛДАҒЫНЫҢ АУЗЫ САСЫҚ...


Өткен айдың аяғына қарай «Фейсбук» әлеуметтік желісінде белгілі саясаткер Расул Жұмалы «Қазақстан Журналистері күні қарсаңында нақты дереккөздердердің хабарлауы бойынша, Үкіметте нағыз антиқазақ Ярослав Красиенконы марапаттау қарастырылып жатыр екен» деп бір әңгіменің шетін шығарған еді. Бұған елең ете қойған ешкім байқалмады. Өйткені мұндай жағдай бізге таңсық емес.

750 рет қаралды  |   6 пікір  |   Халық пен билік


2013-06-28 19:23:48

ҚАСЫМОВ ҚАЙ ҚАЗАҚТАН АРТЫҚ ЕКЕН?


Дүрәлі ДҮЙСЕБАЙ

Осы біздің министрлердің тілі қай тіл? Әрине, мұндай сұрақты тек Қазақстанда ғана қоюға болады. Өзге елде күлкілі. Франция туралы сөз жоқ, ұлттық мемлекет. Англия ағылшын тілінен басқа тілді мойындамайды да. Ал сансыз ұлтты АҚШ-та да ағылшын тілін білмесең, билікке бару түгілі сол елде тұрып, өмір сүрудің өзі неғайбіл. Алысқа бармай-ақ қай жағынан да үлгі тұтып жүретін мына Ресейді алайықшы. Орыс тілін білмесең, билікті былай қойып, қара жұмыстың өзіне зар болып қалуың мүмкін. «Онда орыс тілін бәрі біледі ғой» дерсіз. Ол рас, мәселе ресейліктер туралы емес, гастарбайтерлерге қатысты. Таяуда бекітілген заңда келімсектер орыс тілін білмесе, ешқандай жұмысқа қабылданбайтыны айтылған. Біреудің тілінде, ділінде, тіпті дінінде неміз бар еді, егер мына бір оқиға болмағанда.

741 рет қаралды  |   13 пікір  |   Халық пен билік


Жазылу

Жарнама

Қызық дерек

23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

Халықтан хат

Серіктестер

Іздеу