2013-12-27 11:58:27

Азаматхан Әміртаев: «ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАМАУ-ЖАМАУ БОЛЫП ЖАСАЛҒАН

– Ең әуелі «Қазақстан Софтверлік компаниялар қауымдастығы» деген ұйым немен айналысатыны жөнінде айта кетсеңіз...
– Бизнесте жүргеніме 15 жылдай болды. Ал расын айтқанда сауда- саттықты мектепте жүргенде бастадық. Сауда ілімін сол кезде игердім. Кәсіпкерлік дегеніміз жұмыс жүргізу, тауар өндіріп оны сата алу деген ұғымдарға келіп тіреледі.

182 рет қаралды  |   2 пікір  |   Халық пен нарық


2013-11-01 11:49:34

МҮГЕДЕК КЕНШІНІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Айтып-айтпай не керек, кеншілер астанасындағы көптеген хикаялар көпшіліктің назарын жиі аударатын болды соңғы кездері. Әлбетте, әңгіме ауаны атақты «АрселорМитталТеміртау» деген алпауыт кәсіпорыннан шығады көбінесе. Бұл түсінікті де, өйткені «ауырдың астымен» (жердің де астымен) жүріп, өмір-өлім дегеніңізді сағат сайын емес, секунд сайын басынан кешіріп жататын кеншілер өмірі қандай да болмасын хикаяның басты желісіне айналғаны қашан! Ал енді өткен айдың отыз біріне бес-алты күн қалғанда кәсіпорын кеңсесінде бұрқ ете қалған кеншілердің ашу-ыза өртінің соңы кеңсе ішінде кәдімгідей қып-қызыл өртке ұласқанын қарағандылықтар ғана емес, бүткіл қазақстандықтардың да жақсы білетіні белгілі. Еске ала кететін болсақ, аталып отырған кәсіпорынның бұрынғы мүгедек кеншісі Владимир Зарянов деген азамат өзіне тиесілі төлемақыны ала алмағандықтан кәсіпорын кеңсесінің ішіне...кәдімгідей өрт қойып жіберген болатын. Атамыз қазақ айтатын «мал ашуы – жан ашуы» деген осындайдан шыққан шығар?!   Осыған орай облыс әкімі Бауыржан Әбдішев мырза кеше ғана  жылы-жылы сөздерімен бұқараға басу айтты. Не деп? Бұл туралы кейінірек, ал қазір АМТ-нің («АрселорМитталТеміртау» - осылай дейтін бопты ғой кейінгі кездері) «отымен кіріп, күлімен шыққан», сөйтіп кәсіби ауруының салдарынан (профзаболевание) жастарына жетпей зейнетке шыққан көптеген кеншілердің мына бір хикаясын оқырмандар назарына ұсына кетсек дейміз.

203 рет қаралды  |   2 пікір  |   Халық пен нарық


2013-10-18 11:56:27

МИҒА СЫЙМАЙТЫН МЕМОРАНДУМ

«Бүйректен – сирақ» шығармаса, я болмаса жаппай жаңалықтар мен жаңғыртулар енгізбесе, осы күнгі мемлекеттік мекемелердегі кейбір қазақтардың (иә-иә, қазақтардың) «іштері ауырады». Негізі, дұрыс та шығар - жаңалықтар мен жаңғыртулар дегендеріміз. Алайда кез-келген жаңалық-жаңғырту ақыл-ойға қонымды болса, кәнеки! Жо-жоқ, кейбір жағдайларда мұндай «мәселелер», ашығын айтайық, адам баласының миына сыймайтын мәселелерге айналып кетеді екен. Миға сыймайтын мәселелер, мәселенки, мынадай – Қарағанды облысында. Мән-жайын айтайық.

215 рет қаралды  |   1 пікір  |   Халық пен нарық


2013-10-11 12:46:20

САЛЫҚ ДАУЫ КІМНІҢ КІМ ЕКЕНІН КӨРСЕТІП БЕРДІ

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың «Салық салу туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы атышулы Заң жобасы өз дегеніне жетіп тынды. Алғашында шикілігі көп құжат деп менсінбей бірнеше мәрте  кері қайтарған төменгі палата депутаттары ақыры райынан қайтып, бірінші оқылымда мақұлдап, бармақтарын басып, екінші оқылымға жіберді.

296 рет қаралды  |   0 пікір  |   Халық пен нарық


2013-06-21 16:15:07

Серікбол ШАЙМАРДАНҰЛЫ: ЭЛЕКТРОНДЫ БЕСІК ЖАСАП, АНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕҢІЛДЕТТІМ


Серікбол – жас өнертапқыш. Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті. Ол жақында электронды бесік жасап шығарды. Бесіктің ерекшелігі – бала жылай бастаған сәтте, өздігінен тербетіле бастайды екен. Ғажайып-бесіктің авторы осы еңбегі арқылы «аналардың жұмысын жеңілдеттім» дейді.

604 рет қаралды  |   1 пікір  |   Халық пен нарық


2012-12-14 10:41:35

«БІР САҒАТҚА ЖІГІТ САТАМЫЗ»


Өткен аптаның соңында «Астанада жігіттер саудаға түседі» деген ақпарат тарап еді. Рас болып шықты. О заманда бұ заман, еркектің саудаға түскені несі деп жағасын ұстаған бәрі. «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» дейді қазақ. Бірақ Астанада ерікті еркектер  бақырға «сатылды». 


1008 рет қаралды  |   3 пікір  |   Халық пен нарық


2012-12-14 10:33:37

КӘУАПТАН КЕЛЕР КЕСЕЛ КӨП...


«Шымкенттің шәшлігі-ай» деп тамсанатындар жетіп артылады арамызда. Әрі еліміздегі кәуаптың ең арзаны да осы өңір болып саналады. Алайда бір істігі 100-120 теңге тұратын кәуап шіркіннің қымбаттағанына да 5-6 айдың жүзі болды. Ең арзаны 170-180, ал элиталы дәмханаларда тіпті 250-300-ге шығып кетті.

899 рет қаралды  |   0 пікір  |   Халық пен нарық


2012-12-11 11:00:48

Берік ОСПАНОВ: АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕН ҮЙРЕНЕРІМІЗ КӨП


Биыл оңтүстік жұрты ерлеп тұр. Мәселе, Оңтүстік Қазақстан облысының  экономикалық табыстарында емес, тіпті 80 жылдық мерейтойында да емес. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қарашаның ортасында өңірдегі атқамінерлерге Тәуелсіздік күнінен бұрын жаңа жылға арнап шырша тікпеуді тапсырды.


814 рет қаралды  |   2 пікір  |   Халық пен нарық


2012-12-11 10:53:34

«ТЕХОСМОТР» ТАЛОНДАРЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ АУЫСАДЫ


Қазақстанда көліктерді техникалық байқаудан өткізу, өткізбеу мәселесінің талқыға түсіп келе жатқанына да біраз уақыт болды. Шыны керек, бұл мәселе алғаш көтерілгеннен бастап-ақ қоғамдық пікір екіге жарылды. Бір жақ мұндай байқау дамыған елдердің барлығында бар десе, өзге тарап оның түкке де пайдасы жоқ екенін айтып сендіруге тырысты.


495 рет қаралды  |   0 пікір  |   Халық пен нарық


2012-12-07 15:13:01

ІШКІ ӘСКЕР РЕТКЕ КЕЛМЕЙІНШЕ, ІШКІ ІСТЕР АҚСАЙ БЕРЕДІ


Екі аптаға жуық уақыт аймақтарды аралап қайтқан Мәжіліс депутаттары сәрсенбіде жұмыстарына құлшыеа кірісті. Жалпы отырысқа Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құшақтай келген «ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» заң жобасына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын халық қалаулылары ә дегеннен-ақ мақұлдады. 


575 рет қаралды  |   0 пікір  |   Халық пен нарық


Жазылу

Жарнама

Қызық дерек

23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

Халықтан хат

Серіктестер

Іздеу