2013-10-25 11:44:55
Жанар БАЙСЕМІЗОВА: ШЕТЕЛДІКТЕР ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНЫҢ ҚАН ТАЗАЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒАДЫ

– «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы қалай жүзеге асты?
– Бұл тек журналист ретінде мені ғана емес, бүкіл қоғамды алаңдататын, мазалайтын маңызды мәселе. Шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалармен кездесу, құрлық асып кеткен қазақ бүлдіршіндерінің тұрмыс-тіршілігі туралы арнайы хабар дайындау туралы ой менің санамда бұрыннан қалыптасқан еді. Тележурналист ретінде барлық тақырыптарда қалам тарттым, ал шетелдегі қазақ балалары жобасы менің журналистік миссиям шығар. Бұл тек әлеуметтік проблема ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігіне де ықпал ететін мәселе, қазақ халқының ар-ожданы, намысы, ұяты, қасіреті.
2013-08-30 11:29:24
Серік АҚШОЛАҚОВ: ҚАННАН ҚОРҚАТЫН ДӘРІГЕРМІН

– Мен нейрохирургия саласына тосыннан келген адаммын. Ақтөбедегі медициналық институтты бітірер кезімде травматолог боламын деген мақсатым болған. Себебі, менің нағашы атам мықты сынықшы болған еді. Соған еліктеп, травматология саласын таңдаған едім. Содан осы бағыт бойынша клиникалық ординатураға түстім. 1978 жылы Ақтөбеге Мәскеудегі Бурденко атындағы нейрохирургия ғылыми зерттеу институтының сол кездегі директоры, профессор Александр Коновалов келді. Орайы келіп тұрған іс болған шығар деп ойлаймын қазір. Ол кісі біздің үйде қонақта болды.
2013-08-23 12:30:27
Қонаевтың өмірден өткеніне 20 жыл, КЕМЕҢГЕР

«Жамандыққа жақсылық жасау» тек әулие, пайғамбарларға ғана тән қасиет болса керек. Жарықтық Димекең өзін жек көрген, сыртынан өсек-аяң айтқан, тіпті кектеніп дұшпан болған пенделердің көбін кешіріп, соңында оларға жақсылық жасап отырған. Ал өзіне қиын кезде жанашыр болып, жәрдемдескендерді өмірбойы ұмытпаған. Олардың жақсылықтарын еселеп қайтарған.
2013-07-05 17:50:06
2013-05-03 14:06:34

Қол басындай еті артық.
Ерден ердің несі артық?!
Істеп жүрген ісі артық» – дейді халық даналығы.
«Отан қорғаушылар күні» қарсаңында ел алдында жүрген азаматтарды бір түгендеп қойдық. Мейрам қарсаңында мерейлері өссін деген ниет қой. Ерден ердің несі артық екенін, біз есімін атаған азаматтардың бойындағы жақсы қасиеттерден бағамдарсыз...
2013-05-03 13:44:46

2013-04-26 12:10:12

Әлі есімде. Ауыл бабалары негізінен «Қазақстан пионері» газетіне жазылатын. Құны бір сомның ар жақ, бер жағы. Шамасы келетіндер «Спорт» газетін қоса алдыратын. Ең арзан газет сол. Бар болғаны 84 тиын. Осы екі газетті алып оқитындардың бірі мен, бірі – көршім, менен бір сынып төмен оқитын Сағынбек деген бала.
2013-02-08 11:30:45
Уәлихан ҚАЛИЖАН. МЕНІҢ ҚАБДОЛОВЫМ

2013-02-05 11:46:10
Бүркіт НҰРАСЫЛ. ЕСЕПТІ ЛАМА ШӘРІП ТЕ БЕРЕДІ

2013-02-05 11:07:42
Әшірбек СЫҒАЙ. АБАЙ ЖАСЫНДА ДҮНИЕДЕН ОЗҒАН...
