2013-12-27 11:38:43

2013 ЖЫЛ: ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН СПОРТТАҒЫ 13 ОҚИҒА

Өзге діндегілердің 13 деген саннан қатты сескенетінін, оның артында бір мистикалық құпия сыр жатады деп қорқатынын жақсы білеміз. Ал мұсылман елі, оның ішінде қазақ халқы үшін бұл санның орны бөлек. Жалпы 13 қана емес, тақ санның бәрі қадірлі. Мұны не үшін айтып отырмыз? Өтіп бара жатқан 2013 жыл Қазақстан спорты үшін соншама жаман жыл болмағанын тағы да дәлелдегіміз келіп отыр. Осы ырым-жырымға сай биыл  елең еткізер 13 оқиғаны тізбелеп шығуды жөн көрдік. Сонымен...

324 рет қаралды  |   1 пікір  |   Спорт


2013-12-13 13:19:45

КУБА ӨЗГЕЛЕРГЕ «КҮН КӨРСЕТЕР» ЕМЕС, ҚАЗАҚТАР БЕТІН ҚАЙТАРА МА?

Бүкіләлемдік бокс сериясы біртіндеп күш алып келеді. Ертең «Астана арландары» Алматыда жаңа маусымның бас жүлдесінен үміткер Кубаның «Domadores de Cuba» командасын қабылдайды. Қонақтар WSB жобасына жаңа қосылғанына қарамастан алғашқы үш кездесуінде де 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жеке-дара топ бастап тұр. Қазақстандық «арландар» да алғашқы үш кездесуін табысты өткізді. Жерлестеріміз «Baku Fires» және «Mexico Guerreros» командаларын 4:1 есебімен тізе бүктірсе, «Санкт-Петерборда «Russian Boxing Team» клубынан 3:2 есебімен басым түсті.

315 рет қаралды  |   1 пікір  |   Спорт


2013-12-06 14:57:59

АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ...

Қазіргі заман – технологияның өрлеу дәуірі. Сондықтан болар уақыт талабына сай кейбір құндылықтарымыз жаңарып, жаңғырып жатса, кейбір дүниеміз ағымнан қалып, көңілден ұмыт болып бара жатыр.
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» деген екен көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаев. Қазақ қадіріне жете білетін болса, ұлттық ойындарға өте бай халық. Соның ішінде асық ойынының алар орны ерекше.

183 рет қаралды  |   0 пікір  |   Спорт


2013-11-29 12:48:13

Елмұрат ТАСМҰРАТОВ: АРМАНЫМ – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТУЫН КӨТЕРІП ШЫҒУ!

Бармақ шайнадық деген осы шығар. Венгрияда өткен әлем чемпионатында қоңсы елдегі қандасымыз Елмұрат Тасмұратов  қола жүлдемен қанжығасын майлады. Қазақтың емес өзбектің. Қалай күйінбейсің. Қола медаль үшін белдесуде басқа емес, өзіміздің Алмат Кебіспаевты шыр айналдырды-ау. Биылғы жылдың басында Азия чемпионы атанған. Қара күзде әлем чемпионатында оза шапты. Елмұратпен сұхбаттасып, әлем чемпионатынан алған әсерін, алдағы арман-аңсарларын білген едік.

188 рет қаралды  |   0 пікір  |   Спорт


2013-11-27 15:50:13

Нұрлан АҚҮРПЕКОВ: ӨЗ ІСІН ЖЕТІК БІЛЕТІН МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮЛКЕН БАҚЫТ

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) бойынша сынға түсіп жүрген «Астана арландары» клубы ертең Сан-Петерборда биылғы маусымдағы екінші кездесуін өткізеді. Осыған орай команда бапкерлерінің бірі Н.Ақүрпековпен аз-кем әңгімелескен едік.

238 рет қаралды  |   1 пікір  |   Спорт


2013-11-15 14:30:23

Біржан ЖАҚЫПОВ: СПОРТТЫҚ ҒҰМЫРЫМА ӨКПЕМ ЖОҚ

Спорттың қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Бірде бағың жанып, жүлдеге көміліп қаласың. Жеңістің ауылы алыстап кетуі де бір сәт. Осындай жеңістің жолы ұзап кеткен боксшы Біржан еді. 2005 жылы әлем біріншілігінде қолаға қолы  жеткеннен кейін, жолы болмай-ақ қойды. Соқпаққа түсті. Сүрлеумен жүрді. Оны өзі де мойындайды. Жолы ауыр екенін.

230 рет қаралды  |   2 пікір  |   Спорт


2013-11-08 09:55:08

Хасанбой ДУСМАТОВ: ЕНДІГІ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЕШКІМГЕ БЕРМЕЙМІН

Өзбек бапкерлерінің әлем чемпионаты алдындағы басты үміті Хасанбой Дусматов болатын. Бас бапкер Марс Кучкаровтың айтуынша, Қазан универсиадасының чемпионынан тек алтын күткен. Дусматов дүлей боксшы. Шалт қимылды, соққысы зілдей. Бірақ әлем чемпионатында бағы жанбады. Әлемдік сайыс біткесін, өзбек өренін әңгімеге тартқан едік.

308 рет қаралды  |   4 пікір  |   Спорт


2013-11-01 11:21:07

АЛТЫНМЕН АПТАЛЫП, КҮМІСПЕН КҮПТЕЛІП, ҚОЛАМЕН ҚАПТАЛДЫҚ. АЛДА – ОЛИМПИАДА...

Бокстан қазақ елі тарихта болмаған жетістікке жетті. Төрт алтын, екі күміс, екі қола медаль алып, әлем чемпионатында топ жардық. Тұңғыш рет Куба, Ресей, Украина секілді бокс алпауыттарын артта қалдырып, командалық бірінші орынға шықтық. Амманда (Иордания) өткен Азия біріншілігінен алған жеті алтын медальді кездейсоқ деп есептеген мамандардың осыдан кейін Қазақстан боксшыларының қарымына сенбеске шарасы қалмағандай.

532 рет қаралды  |   1 пікір  |   Спорт


2013-10-25 11:28:42

АЛМАТЫНЫ БОКС БУЫ БУЫП ТҰР

Алатаудың баурайындағы алып шаһарда бокстан өтіп жатқан әлем біріншілігіне Қазақстанды былай қойып, алыс-жақын шетелдер де көз тігіп отыр. Жүзден астам елден келген бес жүзге тарта боксшы ат басын Алматыға бұрып, бас бәйге үшін бақ сынап жатқанына да екі аптаға жуықтап қалыпты. Кеше жартылай финал мен ақтық бәсеке алдындағы үзіліс күні болды. Тоғыз күндік аламаннан «аман» қалған былғары қолғап шеберлері сәрсенбі күні ширек финалдық кездесулерін өткізді.

477 рет қаралды  |   0 пікір  |   Спорт


2013-10-18 12:01:09

АЛМАТЫДА ҰЛЫ ТОЙ

Бокстан өтіп жатқан бұл әлем чемпионатын Ұлы той деуіміз бекер емес. Кез келген елде әлем чемпионаты өте бермейді. Сол спорт түрінен айтары бар, дегені жүретін мемлекеттің ғана мұндай байрақты бәсеке өткізуге қақысы бар. Қазақстан – сондай ел. Бүгінге дейін еліміздің былғары қолғап шеберлері әлемді халықаралық жарыстардағы тамаша жетістіктерімен мойындатып үлгерген.     Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында да қазақ боксшылары жерлестерін жерге қаратқан емес. Енді міне тұңғыш рет өз елінде әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болып отыр.

411 рет қаралды  |   1 пікір  |   Спорт


Жазылу

Жарнама

Қызық дерек

23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

Халықтан хат

Серіктестер

Іздеу