2013-11-08 10:27:42

«БЕСОБА-2013» немесе «АЙТУҒА ОҢАЙ...»

Әкім-қаралардың ылдым-жылдым сөздерін теледидардан көріп, «тасқа басылған» теп-тегін уәделерін басылым беттерінен оқыған сайын «Айтуға оңай» атты телехабар есіме түсе береді. Расында да су тегін уәде шіркінді үйіп-төгіп ақтара салу айтуға оңай. Былтырғы жылы ғана кеншілер астанасының «Бесобасында» болған «тұрғын үй трагедиясына» да міне, екінші жылға аяқ басты. Өлім-жітім (Алла бетін аулақ қылсын) орын алмаса да, пәленбай отбасының бір-ақ күнде баспанасыз қалуы...трагедия емей немене?! Содан бергі уақытта сол мәселеге әлсін-әлсін оралып соғып, шұқылап-шұқылап қойғанменен, «бесобалықтардың» барлығына жуығын бүгінге дейін уәдемен тойдырып келе жатыр тиісті орындар. Ашығын айтайық.

280 рет қаралды  |   1 пікір  |   Әлеумет


2013-11-08 10:19:05

БЕРДІБЕКТІҢ БІЛІКТІЛІГІ КІМГЕ КЕРЕК?

Осы күні жұрт Бердібек Сапарбаевты шығыстың шырайын кіргізген әкім деп бағалайды. Өскемен кеше қандай еді, бүгін қандай? Ең бастысы, қала қазақылана бастады. Қазақ зиялылары да шығыстың бүгінгі беталысына разы. Өскеменнің қақ ортасында Абай атамыздың еңселі ескерткіші бой көтеріп, қаланың бір шетіндегі биік төбеге ҚАЗАҚСТАН деп айшықталып жазылған, байрағымыз көкте желбіреп тұр.

1349 рет қаралды  |   73 пікір  |   Әлеумет


2013-08-23 12:55:06

Расул ЖҰМАЛЫ, ЖАППАЙ ИСЛАМДАНДЫРУ МЫСЫРЛЫҚТАРДЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫН ӨРШІТЕ ТҮСТІ


Мысырдағы тұрақсыздық әлем халқын алаңдатып, қаза болғандар саны күн санап артып келеді. Уақытша билік орнаған пирамидалар еліндегі саяси жағдайға төрткүл дүние көз тігіп, жіті қадағалап отыр. Алайда екіге жарылған Мысыр халқы тәртіпке әзірше келмейтін сыңайлы. Мұсылман еліндегі бүлікке қатысты саясаттанушы Расул Жұмалыны сұхбатқа тартқан едік. 

453 рет қаралды  |   0 пікір  |   Әлеумет


2013-08-09 15:11:15

ӘБІЛӘЗОВТІҢ ӘЙЕЛІНЕ ИТАЛИЯЛЫҚ ДЕПУТАТТАР НЕГЕ ҚЫЗЫҚТЫ?


Францияда қолға түскен Мұхтар Әбіләзовтің мәселесі майшаммен қаралып жатқан тұста, оның әйелі Алма Шалабаеваның да жағдайы шетелдіктердің жіті назарында тұр. Таяуда Қазақстанға депортацияланған Шалабаева ханымның тағдырын білмекке Италиядан ат терлетіп бір топ Парламент депутаттары келіпті. Италияның «Бес жұлдыз қозғалысының» мүшелері екен. Елордаға келіп, ЕҚЫҰ-ның өкілдігінде едел-жедел жабық жиын өткізді. Оған журналистер қатыстырылған жоқ.   

508 рет қаралды  |   5 пікір  |   Әлеумет


2013-06-14 15:12:14

Жаңа айдар: ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

Редакциядан: Журналист Дүрәлі Дүйсебайды оқырмандарға таныстырып жатудың өзі артық. Кезінде «Лениншіл жастың» қазіргі («Жас Алаш») ұстаханасынан өтіп, жазу өнерінің  қыр-сырын терең меңгерген аға журналист. Бұл күнде де қаламын суытпай көзбен көріп, көңілге түйгендерін қағаз бетіне түсіріп келеді. Құрметті оқырман, «Дүрәлінің дүрбісі» деген жаңа айдардан аға журналистің қоғамдағы әртүрлі жағдайларға өзіндік пайымы мен тұжырымын оқи аласыздар.

688 рет қаралды  |   3 пікір  |   Әлеумет


2013-06-07 15:34:25

БУРАБАЙДА КСРО-НЫҢ ІЗІ САЙРАП ЖАТЫР


Астанада қанша жыл тұрып жатсақ та, мына іргеде тұрған Бурабайға сирек баратынымыз рас. Сонау Бурабайды айтасыз, үйге сырттан қонақ келмесе, Астананың көрікті жерлерін көруден де қалатын шығармыз. Қаладағы бас ескерткіш – рәміздердің ірісі «Бәйтеректі», бүгінде кемесі серуендеуге көшкен Есіл өзенін, «Атамекен» «шаһарын», «Мәңгі ел» ескерткішін, қазірдің өзінде ел көзіне түсіп, төрт күмбезі көк шаншыған «Әзірет сұлтан» мешітін, бас қаланың игі жауһарлары орын тепкен орталықты бір аралап, көз суарғанның өзі неге тұрады?! Бірақ кім аралап, кім көріп жатыр? Оған мазасыз да қым-қуыт қала тіршілігінен бас ала алмайтын тұрғындардың уақыты да жете қоймас, сірә. Менің Бурабайда осыдан үш-төрт жыл бұрын болғаным бар. Биыл тағы да барып демалуға тура келді.

626 рет қаралды  |   2 пікір  |   Әлеумет


2013-05-31 13:41:32

ОЛАР ҰЛТЫ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛҒАНДАР


Біздің тәуелсіз еліміздің Заңмен айқындалған мемлекеттік мерекелері бар. Сонымен қатар демалыс жарияланбаса да, халық болып атап өтуге тұрарлық атаулы күндер де бар. Өмірдің әр күні тек қана шаттана қарсы алатын мейрамдардан, жеңістерден тұрмайтыны анық. Өмір болған соң, оның қуанышымен бірге қайғысы да алмасып жатады емес пе?! Осы орайда, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өту елімізде қалыптасқан дәстүрге айналды. Бұл күннің маңыздылығы өте зор.

519 рет қаралды  |   0 пікір  |   Әлеумет


2013-05-31 12:21:26

8-СЫНЫПТЫҢ ОҚУШЫСЫ «ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ


Сірә, талдықорғандық мектеп оқушысы Мадияр Мамырбековтың ерлігі туралы естімеген жан жоқ шығар. Алматы облысының орталығы талдықорғанды қақ жарып өтетін Қаратал өзенінен екі бірдей баланы аман алып шыққан оқушының ерлігі жайлы жергілікті және республикалық БАҚ хабар таратып, жұртты елең еткізген оқиға көпшілікке жеткен еді.  

805 рет қаралды  |   8 пікір  |   Әлеумет


2013-05-24 12:41:04

ҚОЖАБЕРГЕН ФЕНОМЕНІ


Тарих ғылымына француздардан көп еңбек сіңірген халық жоқ шығар деген пікірдемін.  Француздардың ойлау қабілеті ерекше, кейде біз сияқты қарапайым адамның ойына келмейтін дүниені жазады. Мысалы аннал мектебінің тамаша өкілі Марк Блок бір еңбегінде «Мәселе Исаның (Иисус пайғамбар-Ж.А.) креске шегеленгенінің болған болмағанын, одан кейін қайта тірілуін анықтау емес. Бізге маңыздысы біздің жан-жағымыздағы осыншама адамның керу мен тірілуге қалайша сенетінін түсіну» дейді (Блок М. Апология истории или ремесло историка.

1342 рет қаралды  |   32 пікір  |   Әлеумет


2013-05-17 13:51:17

11 МИЛЛИОНЫНШЫ ҚАЗАҚ


Бір-екі күн болды қазақ ғаламторы дүрлігіп жатыр. Енді қайтсін, бұл әбігердің де өзіндік мән-маңызы бар. Тарихта тұңғыш рет Қазақстандағы қазақтардың саны 11 миллионнан асып отыр екен. ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайлов мемлекеттің негізін құраушы ұлттың үлес салмағы  65,2 пайызға жеткенін хабарлады. Егіз қозы туса да қуанатын қазақ баласы, қатарымыздың көбейіп келе жатқанын естіп бір серпіліп қалғаны сол.

621 рет қаралды  |   3 пікір  |   Әлеумет


Жазылу

Жарнама

Қызық дерек

23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

Халықтан хат

Серіктестер

Іздеу