2013-12-27 11:48:18

ӘШІМБАЕВТЫҢ МАҚАТАЕВ ТУРАЛЫ ЖАЗҒАН СЫНЫ КІТАПТАРЫНА НЕГЕ ЕНГІЗІЛМЕЙДІ?

Бір сақа, бір жас екі әдебиет сыншысы шақырылған бұл сұхбатымызға бір қызық тақырып өзінен-өзі сұранып тұрған. Бұл тақырыптың қызығынан гөрі шыжығы көп, бірақ. Айтайын деп отырғанымыз, қазақ әдебиетіндегі әдеби сынның жағдайына байланысты. 

200 рет қаралды  |   1 пікір  |   Сұхбат


2013-12-13 13:27:45

ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВТАН АҚЫНДЫҚ ДӘРІС АЛҒАН БАУЫРЖАН ЖАҚЫП

Орта буын ақындардың осы қатарына не жау тигенін бір Құдайым білсін дейік. Нұрлан Мәукенұлы, Қайрат Әлімбек, Бауыржан Үсен үшеуі бірдей о дүниелік болып кетті. Белгілі ақын Бауыржан Жақып осылардың қай-қайсымен де егіздің сыңарындай жараса кетер еді. «Қатарымыздан Гүлнәр Салықбай бар» деп жан-жағына қаранады.

317 рет қаралды  |   3 пікір  |   Сұхбат


2013-12-06 15:04:30

ОРЫСТАР АЙТҚАН ӘДЕБИЕТТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ БІЗ НЕГЕ АЙТА АЛМАЙМЫЗ?

Орыс деген де негізі тағдырлы халық, ал тағдырлы халықтың әдебиеті де тағдырлы болып келеді. Нобель сыйлығының лауреаты Кэндзабуро Оэнің орыс қаламгерлерін, оның ішінде Толстойларды үлгі тұтатынын қайта-қайта еске салып айтатын естеліктері бар. Расында да ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс әдебиеті әлем әдебиетінің авангарды болды.

255 рет қаралды  |   1 пікір  |   Сұхбат


2013-12-06 14:52:27

Жалын БАУЫРҚАНҰЛЫ: МЕКТЕПТЕ СЫЗУ САБАҒЫНАН БАСҚА САБАҚҚА ЗАУҚЫМ СОҚПАЙТЫН

Жалын Бауырқанұлы  Қытай Халық Республикасы Алтай аймағының Буыршын ауданында дүниеге келген. 2006 жылы атамекенге ат басын біржолата бұрып, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің сәулет-құрылыс факультетін  бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша тәмамдаған. Бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы.

112 рет қаралды  |   2 пікір  |   Сұхбат


2013-11-29 13:17:05

София МОЛДАҒАЛИЕВА: ЖҰБАННЫҢ ҰРПАҒЫН ОРЫСТІЛДІ ДЕП КІНӘЛАМАҢДАР...

Жуырда Жұбан Молдағалиевтің үйіндегі жеңгеміз София Мәлікқызы Молдағалиевамен кездесіп, әңгімелесіп қайтқан болатынбыз. Жақсының жары еді деп іздеп барғанымызға София апамыз дән риза боп қалды. Сұрақтарымыздың біреуін де сырт қалдырмай, ақтарыла жауап берді. Сөйлеген сайын әжімді жүзінде арай ойнап, ойлы көздерінде өткен күнге деген сағыныш сәулесі жылт еткендей. Сексеннің сеңгіріне шықса да, шырайын бермеген. «Осы журналистер бар сөзімізді бұрмалап, өзгертіп жазады» деген әріптестерімізге реніші бар екен апамыздың. Сондықтан әңгімемізді еш өзгертпестен сол күйінде беруді жөн көрдік.

330 рет қаралды  |   2 пікір  |   Сұхбат


2013-11-29 13:03:35

«АБАЙ АУЛАҚТА ЖЫЛАҒАНЫН ЖАСЫРМАЙДЫ, БІЗ НЕГЕ ЖАСЫРАМЫЗ» ДЕГЕН ЖАЗУШЫ

Тәкен Әлімқұлов кейде Мәскеу мен Алматының ортасындағы бір бекетте қалып қойғандай көрінеді. Біріне сіңбеген, екіншісіне сыймаған секілденеді де тұрады. «Оны Мәскеуден алдап әкелген, алайда Алматыға жолатқысы келмеген» дегендей қаңқу сөздің қаңқылы ара-тұра естіліп те қалады. Бірақ шығармашылық мұрасы асыл да таза қалпынан айныған жоқ. Бізге де керегі сол болатын. Тәкен ағамыздың қайталап басылған кітаптарын талдауға белгілі абайтанушы Жабал Шойынбет пен қаламгер Нұрболат Адырбек қатысты.

322 рет қаралды  |   5 пікір  |   Сұхбат


2013-11-27 16:05:56

Асқар БИСЕМБИН: «БАЖАЛАР» – КҮШІК КҮЙЕУЛЕР ЕМЕС

– Асқар, «Ел арнадан» сіз түсірген «Бажалар» сериалы беріліп жүр. Неге күйеу балалары атасының үйінде жүреді?
– Біз отбасылық сериал түсіргіміз келді. Бажалар әдетте қайда кездеседі? Сыраханада, моншада, бильярдта. Біз ондайды көрсеткіміз келмеді. Қалай болғанда да әңгіменің бәрі тату отбасының айналасында болса деп едік.

289 рет қаралды  |   1 пікір  |   Сұхбат


2013-11-27 16:00:21

ОЛЖАС ҚАНДАЙ АҚЫН, «АЗиЯ» НЕНДЕЙ КІТАП?

Соңы. Басы өткен санда
Қайраткер ақын Олжас Сүлейменовтің «АЗиЯ»-сы мен «Атамзаманғы түркілер» атты еңбектеріне арналған бірінші сұхбатымыз тартысты пікірталаспен өтті. «Бұл өзі өте күрделі сұхбат екен (Серік А. Шымкент қаласы)», – дескен әдебиет сүйер қауым сынға шөлдеп қалғандай көрінді.

219 рет қаралды  |   1 пікір  |   Сұхбат


2013-11-15 14:36:59

ОЛЖАС ҚАНДАЙ АҚЫН, «АЗиЯ» НЕНДЕЙ КІТАП?

Олжас Сүлейменовтің жаңадан жазған, қайта басылған, қазақшаға аударылған шығармаларын екі бөліп талдағанды жөн көрдік. Оның біріншісі – зерттеу еңбектері мен көсемсөздері, екіншісі – өлеңдері. Белгілі әдебиетшілер Мырзан Кенжебай мен Әмірхан Балқыбектің айтары екі басқа екен. Сұхбат «Мәдениет» телеарнасында түсіріліп, газеттік нұсқасы «Халық сөзіне» ұсынылып отыр.

402 рет қаралды  |   5 пікір  |   Сұхбат


2013-11-08 11:48:56

Баһадүр СҮЛЕЙМЕНОВ: ЕР АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ 10-15 ПАЙЫЗЫ ҒАНА ӨЗ ЕРКІМЕН УРОЛОГҚА ҚАРАЛАДЫ

– Қазақстандық ер азаматтардың денсаулығы жайлы дүркін-дүркін мәселе көтеріліп жатады. Осы саланың маманы ретінде нақты жағдайды айтып бере аласыз ба?
– Бұл тақырып әлемдік деңгейде өте жиі сөз болады. Алысқа бармай-ақ мына көрші Ресейді алсақ, олар 5 жылдан бері «Ерлердің денсаулығы» деген үлкен бағдарламаны қолға алған. Мемлекет бұған арнайы ақша бөліп, ерлерді медициналық тексеруден өткізіп жатыр. Әйелдерге қарағанда ерлер денсаулығын тексертуге белсенді емес. Ресейде ерлердің орташа жасы 60, ал бізде 64.

296 рет қаралды  |   1 пікір  |   Сұхбат


Жазылу

Жарнама

Қызық дерек

23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

Халықтан хат

Серіктестер

Іздеу