2013-12-27 12:06:45

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

«ЖЕМҚОР» ДЕГЕН ЖАҚСЫ АТ ЕМЕС...
Қанша шара қолдансақ та жемқорлық тиылар емес.
Онымен қалай күресуге болады? Жемқорлары көп мекеменің жалақысын көбейтеміз бе тағы? Таяуда «А» корпусы туралы сөз болғанда осындай уәж айтылды. Жемқорлықпен күресудің басты жолы жалақыны көтеру дегендер қателеседі.

928 рет қаралды  |   3 пікір  |   Дүние дүбір


2013-12-13 14:00:59

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

САМАТТЫҢ БҰЛ ҚАЙ САСҚАНЫ?
Таяуда Астанада Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров есеп берді. Есеп десе, есілеміз ғой. Тоқтамаймыз. Арқан керіп, су сепсе де. Бірақ мінберде тұрған саған кім су сеуіп, алдыңнан арқанды кім тартып жатады дейсің. Ол өткеннің жоралғысы ғой.

1328 рет қаралды  |   6 пікір  |   Дүние дүбір


2013-12-06 15:47:12

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

«БІЗДЕ ЖҰМЫССЫЗ АДАМ ЖОҚ!»
Кеңестік кезеңде осындай ұран самсап тұратын. Қайда барсаң да еститініңіз осы. «КСРО-да жұмыссыздық жоқ!». Шын мәнінде де солай еді.
Ауылда болсын, қалада болсын, жұмыс істемейтіндер көзге сүйелдей көрінетін. Сандалып бос жүргендер істі болып шыға келетін.

980 рет қаралды  |   1 пікір  |   Дүние дүбір


2013-11-29 13:37:52

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ТАҒЫ ДА КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛА МА?
Мемлекеттік мекемелердің шекелері жылт етті: «Жаңа – 2014 жыл құтты болсын!» деген жазулар пайда бола бастады. Қаңтарға дейін кім бар, кім жоқ?!

789 рет қаралды  |   3 пікір  |   Дүние дүбір


2013-11-27 16:22:23

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

ЕТ САСЫСА, ТҰЗ СЕБЕДІ, ТҰЗ САСЫСА НЕ СЕБЕДІ?
Қатардағы азамат тәртіп бұзса, «өз құқығын дұрыс білмейтін шығар, онымен шұғылданатын арнайы орындар бар, жөнге солар салар» деп үміттенеміз. Ал заңды жақсы білетін полицей тәртіп бұзса ше?
Сонау бір белгілі жиналыста ел Президенті жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) көбейіп кеткенін баса айтқан еді, бірақ оның азаятын түрі жоқ. Бір Алматының өзінде осыдан бір-екі күн бұрын жүзге тарта ЖКО болған! Сұмдық қой!

558 рет қаралды  |   2 пікір  |   Дүние дүбір


2013-11-15 15:10:58

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

«ЕЛУ ДЕ ЕЛУГЕ» ҚАЙТА КЕЛУ...
«Электронды БАҚ-тардағы тіл қатынасы 50 де 50 болуы керек». Осы әңгіменің қозғалғанына да біраз жыл. Бес жыл, әлде он жыл...
Алғашында арналар қазақша сөйлей бастағандай көрінді де, бақылаудың жоқтығын байқады ма, біртіндеп қазақша хабарларды түнге ысыра салды. Жұрт шырт ұйқыда жатқанда қазақша хабарларды «тамашалайтын» болдық.

691 рет қаралды  |   2 пікір  |   Дүние дүбір


2013-11-08 10:53:48

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

«БОЛАШАҚТЫҚТАРДЫ» МҰСАБАЕВ БЕКЕР АЙЫПТАМАҒАН БОЛАР?
Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы...
Абай ақынның осы өлеңін «Болашақта» оқып жүр, талай қазақ баласы...» деп әрі қарай жалғастырып ала жөнелсең, мағынасы өзгере қоймас әсте.
«Болашақтың» төңірегінде сөз көп.
Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев Үкімет отырысында «Біздің салаға дайындығы төмен бакалаврларды тықпалап жатыр. Ал бізге кем дегенде магистрлар қажет. Сыраханада сабақ алғанмен олардан жақсы маман шыққан жоқ», – деді. Бұл – «болашақтықтар» туралы. Мәселе, бұл деректің дұрыс-бұрыстығында емес, мәселе аталған жобаны «жоғымыз табылып, жыртығымыз жамалды» деп қаншама күмпиткенімізбен, алғанымыздан бергеніміздің молдығында болып тұр.

1012 рет қаралды  |   5 пікір  |   Дүние дүбір


2013-11-01 12:09:10

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

ҒЫЛЫМҒА ҚАЗАҚ ТІЛІ КЕРЕК ЕМЕС ЕКЕН...
Қазақстанның ғылым саласындағы ізденушілерінің 62 пайызы ғана қазақ тілін жетік біледі екен деп хабарлайды BNews.kz.  «Сенің тілің ғылымға керек емес, несіне жетісесің!» деген секілді.
Бұған да шүкір. Қырық пайыз десе, не дер едіңіз?
Орыс тілін қатар алып жүріп, оған ағылшынды қосып еселенеміз деп жүргенде өз тілімізді жұлым-жұлым етіп өзге тілдердің көлеңкесінде қалдырыппыз. Өз елінен басқа ешкімге керек емес деп келген түрік, қытай, неміс, француз, испан, итальян, чех, араб, кәріс және жапон тілдері ғалымдарымыз үшін қажетті тілдердің қатарында тұр. Әлем тілдері саналатын араб, қытай, неміс және француз тілдерінің жөні бөлек. Ал жапон, испан, итальян, кәріс, чех және түрік тілдері кімнің шікәрасы? Әсіресе, түрік тілі. Ататүрік таққа отырғанда әбден будандасып, шатысып, бытысып кеткен түрік тілін тазартып, жөнге келтіру үшін тіл мамандарын Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстанға аттандырған екен. Осы үш түркітілдес елдің есебінен дүбәраланып бара жатқан тіліне қан жүгіртіп «тірілтіп» алған Ататүрікке мың алғыс! Сол түріктер қазір бұл үш ағайын елді былай қойып, басқа түрік елдерінің тілін де түрік тілінің диалектісі деп қарайды, солай оқытады. Қазақстанда қаптаған түрік, қазақ-түрік лицейлері қазақтың қамын ойлап жүр дейсіз бе, өз тілінің, өз елінің болашағын ойлап жүр. Ертең түркі елдерінің негізгі тілі түрік тілі десе сенуге тура келеді. Түрік тілін табалдырықтан төрге оздырып жіберіп, өз тілімізді есіктен сығалатып қойдық. Біржолата болмаса деңіз.

1031 рет қаралды  |   4 пікір  |   Дүние дүбір


2013-10-25 12:19:20

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

АСҚАР ҰЙҚЫСЫНАН ЕНДІ ОЯНҒАНДАЙ...
Бізде қызық. Үлкені бар, кішісі бар шенеуніктің қай қайсысы болсын, жоғарыдан нұсқау болмай бір нәрсені өз бетімен істеуді қойғалы қашан. Міндетті түрде айту керек. Міндетті түрде жинап алып, орындарынан тұрғызып қойып сілкілеп алу керек. Әйтпесе істемейміз, тіпті саусағымызды қимылдатпаймыз. Осыған әбден етіміз де, бетіміз де үйреніп алған. Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында дәл солай болды. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевті тұрғызып алып: «Осы сен жол салумен шұғылданбайды дейді бәрі» деді де іркіліп барып, «мүмкін бұл сенің басқа мамандықтың иесі болғандығыңнан шығар?»

812 рет қаралды  |   1 пікір  |   Дүние дүбір


2013-10-18 12:41:02

ДҮРӘЛІНІҢ ДҮРБІСІ

БІР РЕТ ЕМЕС, КҮНДЕ ТЕПКІЛЕП ОТЫРУ КЕРЕК ШЫҒАР
Мұндай да болады екен. Әншейінде алдына келгенді тістеп, артына барғанды теуіп тастайтындай сұсты көрінетін министрлер мен әкім-қаралардың Елбасының алдында жүнін жұлған тауықтай күбежеңдеп тұрғанын көргенім осы. Ертең осы мықтылар қарапайым халықтың бетіне қалай қарап, қалай-қалай сайрар екен дейсің.

993 рет қаралды  |   4 пікір  |   Дүние дүбір


Жазылу

Жарнама

Қызық дерек

23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

Халықтан хат

Серіктестер

Іздеу