2012-04-24 11:15:06

«БАРСАКЕЛМЕС» АРАЛДАР


Бүгінгі таңда жұмыр жердің кейбір бөліктерінде әсіресе шағын аралдарда адамдардың із-түзсіз жоғалуы немесе бүтіндей бір экспедицияның ғайып болуы секілді оқиғалар өте көп кездесіп жатады. Ғалымдар ең қауіпті аномальды аймақтар деп әсіресе төрт аралды ерекшелеп бөліп айтады. Олар – Гуам аралының маңы, Оңтүстік-шығыс Африка маңайы, Оңтүстік Америка жағалауының оңтүстік бағыты және Австралия мен Антарктида аралығындағы жұмбақ аймақ. Соңғы жылдары бұл аумақтарда із-түссіз жоғалған адамдардың санынан статистиктердің өздері де жаңыла бастаған. 
Кенияның Туркана өзені бойындағы «Энваитенет» аралы да осындай құпия аймақтардың біріне жатады. Жергілікті тұрғындардың тілінен аударғанда, «энваитенет» – «қайта оралмайтын» яғни барса келмес деген мағынаны береді екен. Аралдың байырғы тұрғындарының сенімі бойынша, бұл арал қарғысқа ұшыраған. Құпия жағдайда адамдар жоғала бастаған соң, адамдар аралды тастап басқа жаққа қоныстанған екен. Кезінде арал тұрғындары, ел қатарлы балық аулап, саудамен, аңшылықпен айналысқан екен. Бірақ олардың көпшілігі жұмбақ жағдайда жоғала бастайды. Аралдағы адамдардың жоғалуынан секем алған жұрт көршілес жатқан Лоинглани поселкасын барлауға адамдар жіберген. Бірақ барлаушылар иен қалған деревня мен сөніп біткен ошақтар мен айналасында шашылып жатқан балықтардан өзге дәнеңе таба алмаған. Не өлген адамның, не өлген жануардың денесін таппаған. Осы оқиғадан соң ол аралға ұшқан құстан басқа тірі жан бармайтын болыпты. Қызық іздеген туристер мен зерттеушілер болмаса адам баласы аяқ баса қоймайды. Барғандарының өзі көп уақыт адасып, я болмаса қайтпай қалады. 
1935 жылы құпия жоғалудың сырын ашпақ болып, Кенияға ағылшын зерттеушісі Вивиан Фуш бастаған экспедиция аттанады. Алғашқы күні Фуш барлау жұмыстарын жүргізу ниетімен «Энваитенет» аралына экспедиция құрамындағы Мартин Шефлис пен Бил Дайсон атты екі зерттеушіні жібереді. Алайда екеуі қайтып оралмайды. Арада он бес күн өткен соң әлгі аралға іздеушілер тобы аттанады. Олар аборигендердің тастанды деревнясынан басқа ештеңе таба алмай, текке сандалып, құр қол қайтты. Екі тәулік бойы аралды айналып, әрлі-берлі ұшқан ұшақтар да дәнеңе таба алмаған. Осылайша, Фуш экспедициясы сыры ашылмай қалған ғасыр құпиясына айналып қала берді. 
Мұндай аномальды аймақтар елімізде де бар. Еліміздің шығысындағы Алтай ормандары, Бетбақдала шөлі мен Арал теңізінің солтүстік-батысындағы Барсакелмес аралының құпиясы әлі ашылған жоқ. Әсіресе кейінгі кездері Арал туралы уақыт өлшеміне сыймайтын түсініксіз оқиғалар саны артып келеді. 
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өткен ғасырларда аралға кетіп, кейін өз ауылдарына оралғанда қартайып кеткен туыстарын көріп таңғалған оқиғалар кездесіпті. Құдды бір уақыт белдеуін бағындырып келгендей болады.  Бұндай оқиғаға тап болғандар бірнеше күн жол жүріп келгендей болады. Шын мәнінде айлап, тіптен ондаған жылдарға жоғалып кетіп оралғандар. Арал маңына келіп, жағалаудан ұзаңқырап бар болғаны жарты сағат қана «ақ тұман» ішінде болып оралғандар тұтас бір тәулік бойы қыдырып келгенін білген оқиғалар да аз емес. Бұлар кейін тіркелген деректер. Ғалымдар да осы аумақтың жарты сағатының не үшін бір тәулікке созылатынын дәлелдей алмай отыр. 
Кейбір зерттеушілер бұндай түсініксіз жайттарды кезінде КГБ-ның арнайы бөлімі зерделеп көргенге ұқсайды. Алайда ештеңе таппай, жылы жауылып қойылған деседі. 1949 жылы аралда дауылды күндердің бірінде өте үлкен шар секілді бір құбылыс байқалған екен. Оны байқаған жұрт жақын жерде орналасқан әскерилерге хабарлаған. Әуеге «Ли-2» әскери барлау ұшағы көтеріледі. Алайда шарға жақындағанда ұшақтың моторы өшіп, істен шығады. Осыдан соң әскерилер шарды бірден қоршауға алып, ол жерге иісшіл иттерді жіберіп көреді. Бір қызығы, тұманға жақындап барып, шәуілдеп үріп, тап берген иттер тұманға кірісімен көзден ғайып болып, кері қайтпаған. Кейін Мәскеуден физик ғалымдар келіп, зерттеу жүргізген. Бірде шар-тұманның ішіне қалайда кіріп байқау үшін, аралға баржамен танк жеткізілген екен. Алайда, артына трос байланған танк шарға енгенімен экипажы оралмады. Танкті трос арқылы кері тартып, алғашқы орнына әкеліп, қақпақты ашқанмен ішінде танкистердің бірі де болмаған. Тек олардан қалған жалғыз естелік – рация арқылы жазылып алынған бір ауыз сөз ғана. «Қайтудың қажеті жоқ, мұнда тамаша екен!» Жұмбақ сол құпия күйінде қалған.
Тіптен Барсакелмеске тап болған тұтас бір отбасылар да із-түзсіз жоғалып кетіп отырған. Жергілікті тұрғындар олардың Барсакелместе ықылым замандардан қалған алып кесірткенің құрбанына айналатынын айтады. Рас болса, соңғы жылдары да бірнеше экспедиция жоғалып кеткенге ұқсайды. 
Б.НҰРАСЫЛ

432 рет қаралды  |   0 пікір  |   Төртінші билік


Жазылу

Жарнама

Қызық дерек

23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

Халықтан хат

Серіктестер

Іздеу