2012-08-16 12:21:52

АЛАҚАЙ, АЛАУХАНОВ КЕТТІ!


Осыдан бір жарымдай жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2011 жылдың 1 наурызында шыққан №16 санында «Халық сөзі» газеті «Алақай, Алауханов келді!» деген мақала жариялаған болатын. Бөрікті аспанға атып алақайлап емес, іштей: «қап, әттеген-ай», – деп бармағымызды тістеп, өкінішпен сөз түйіндегенбіз сонда. Себеп, қазіргі қалам ұстап жүрген біраз журналистің қара шаңырағы аталатын, ҚазҰУ-дегі журналистика факультетіне декан болып, бұл салаға үш қайнаса сорпасы бір қосылмайтын Алауханов деген азаматтың көлденеңнен келіп қонжия кетуі еді. Бір жылға қоян терісі де шыдайтынын еске алсақ, содан бері бір жыл бес айдай уақыт  өйтіп-бүйтіп жаңа декан да күнін өткізіпті. Енді міне, сол «бөтен» адам орынынан кетті.  
Дәл сол бір жаңа декан келе қалған кезде, біз оған неліктен күмәнмен қарадық? Оның себебін сол кездегі мақаладан үзінді келтіре отырып, түсіндірейік.                     «Біріншіден: Алауханов Есберген  деген естияр азаматтың елеулі өмір тарихына көз жіберсек, журналистика жөнінде теориялық білімі жоқ екен. Осы сала турасында арнайы білімі жоқ адам қалайша бұл журналистер ұстаханасын басқаруға белін бекем буып отыр? Бұл факультетті осы уақытқа дейін тек теория ғана оқытады деп  сынап келсек,, енді сол күнімізге де зар болатын түріміз бар ғой. 
Екіншіден: Алаухановтың алуан түрлі еңбек жолын аударыстырып қанша қарасақ та, бірде-бір баспасөз орындарында немесе радио, теледидарда жұмыс жасағаны туралы дерек таба алмадық. Демек практикасы тағы жоқ. Бұрын факультетті басқарған кәнігі теоретиктерге  практиканы да ұштастырмады деп ренжуші едік, енді Алаухановқа айтарымыз қалмай отыр. Теорияны оқымаған, практиканы меңгермеген, бір сөзбен айтқанда, журналистиканың қазанында қайнамаған «бөтен» біреу. Иә, журналист деген арнайы дипломы болмағанмен қаламы қарымды, айтқаны алымды публицистердің өмірде болғанын білеміз. Бірақ көркем публицистика тудыру бір бөлек те, болашақ журналистерді даярлап шығару тағы да басқа мәселе. Ең негізгісі қазіргі ақпарат ағымы тасқындап тұрған дәуірде уақыт талабына сай маман әзірлеу атүсті қарайтын іс емес. Ал  құқық пен тәртіптің темір тезінен өтіп, әбден буыны қатқан заңгер басшы болашақ тілшілерге қазіргі медиа әлем жөнінде қандай дәріс оқиды екен?  Ол жағы өзіне белгілі болмаса, бізге мүлде бұлыңғыр».
Күдігіміз айдай келді. Есберген Алауханов декан болып келген сәттен бері, бұл ұжымның төңірегінде пыш-пыш әңгіме желдей есті. Оқытушылар бірінің үстінен бірі өсек тасып, «студенттер сынақ пен емтиханның бағасын сатып алады», – дегендей қаңқу сөз көбейді де кетті. Тасада тұрып тас ататын, бірінің сыртынан бірі жамандап мақала жазатын өте ыңғайсыз үрдіс, қазіргі ҚазҰУ-дың журфагында байқалып отыр.  Несін айтасыз ауру асқынып кетпей тұрып, абырой болғанда Алауханов та шала бүлдіріп «қашып» құтылды. Жалпы, бұл қарашаңырақ факультет жас пен жасамыстың тілін бірдей табатын Бауыржан Жақыптан кейін деканға жарымай-ақ қойды. Есберген Алаухановтан бұрын тізгінді Ғалия Ыбраева апайымыз ұстаймын деп, тағы да айқай-шу, бөліну, жіктелудің көкесін көрген. Ақыры студенттердің қарсылығына шыдамай декан атынан ауып түсіп қалған. Мұндай дүмпу соңғы деканның тұсында да өрши түсіп, Алаухановтың алқымынан бірнеше рет ала түскенін  электронды БАҚ-тағы жылт етіп жоғалатын мақалалардан байқап отырмыз. Бір ерекшелігі кәсіби заңгер-декан қара пиарды жанына жуытпай, жүрген ізін  тазалап, ақталуымен ерекше байқалып отырды.
Ал-ло, Алаухановтың орнына адам іздеп жатырмыз
Біздің бұл жолғы қолға қалам ұстағандағы мақсатымыз өткен-кеткенді жіпке тізіп, тырнақ астынан кір іздеу емес еді. Алдағы уақытта журфактің тізгіні жазу-сызудан хабары бар, теория мен практиканы қабыстыра білетін біреуге берілсе деген ниетте едік. Сол өткен жылы жазған «Алақай, Алауханов келді!» деген мақалада біз: «Журналистер халықтың алдыңғы шебінде жүрген елгезек жандар. Солар арқылы қоғамдық пікір, мәдени һәм рухани үрдіс қалыптасады. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» болатынын өткен ғасырдың басында Алаш көсемдері  айтып кеткен.  Ал бүгінгі ақпараттың суша тасыған дәуірінде біз журналистерімізді қалай даярлау мәселесін ойлап отырмыз ба? Неліктен бұл сала тізгінін тәжірибелі мамандардың қолына бермейміз? Қазақ журналистикасының болашағы үшін кім алаңдайды?» – деген болатынбыз. Сол базынамызды әлдебір лауазымды тұлға құлағына ілді ме, болмаса, кездейсоқ жағдай ма, кім білсін? «бөтен» декан кетіп тыныш болыпты. Ал ендігі мәселе – «бос орынға кім лайық?» деген сұрақта болып тұр.
Құдайға шүкір, деп қоялық тәжрибелі мамандар бізде жеткілікті сияқты еді. Мәселен Ерлан Байжанов, Ержұман Смайылов, Бауыржан Омарұлы, Бауыржан Жақып, Жұмабек  Кенжалин, Сағатбек Медеубек, Жанай Омаров деп тізе берсек, біразға баруға болады.   Кезінде осы факультетті талай жылдар басқарып, әдеби жылы орта қалыптастырған Бауыржан Жақып қазір Қазақ ұлттық энциклопедиясының директоры. Әрі жауапты, әрі лауазымды қызметін тастай салып, декандыққа қайта келеді десек қисынға сәл келмейді. БАҚ пен мемлекеттік қызметтің құлағын кезек ұстап әбден ысылған Бауыржан Омарұлы да бұл күндері Ақорда төңірегінде мемлекеттік жауапты қазметте. Ал Е.Байжанов, Е.Смайылов, Ж. Кенжалин, Ж.Омаров сынды қызметтің талай сынынан өтіп ысылған тәжірибелі мамандардың қай-қайсысы барса да, бір журфакті дөңгелетіп әкетері сөзсіз. Осы факультеттің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген Сағатбек Медеубекұлы да ұжымның ішкі тынысын жақсы білетін, шәкірт тәрбиелеудің қыр-сырын меңгерген маман екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Енді осы сайдың тасындай азаматтардың біріне таңдау адаспай түссе, қазақ журналистикасы ұтпаса, ұтылмас еді деген ой бар бізде. 
Б.БАЛЫҚБАЙ


721 рет қаралды  |   21 пікір  |   Төртінші билік


  • 16 Тамыз, 13:42

    Қонақ

    мына макаланын торкини белгили болды! тапсырыспен жазылган гой деймин, Сагатбекти декан кылын деп тур гой! Сагатбектин де шаруасы белгили гой, декандык кызметке лайык емес! мен озим сол факультеттин тулегимин, Сагатбекти 5 саусагымдай билемин! Нашар адам!

    • 16 Тамыз, 14:15

      Қонақ

      Макалада Сагатбек гана емес бираз адамнын аты усынылыпты гой

      • 16 Тамыз, 16:04

        Қонақ

        Расыменде бұл мақаланың меңзегені Сағатбек екені айдан анық. Сағатбек декан бола алмайды. Ғылым жоқ ол адамда, құр сөзбен қуырдақ қуырады. Беделі бар біреуді әкеп қою керек. Әйтпесе журфак сол өсек, аяңнан аса алмай қалады. Қолынан іс келетін жас шамасы 35-45 арасындағы азаматты қойса жақсы болар еді.

        • 16 Тамыз, 16:17

          Қонақ

          Жұмабек кенжалин, ерлан байжановты ұсынамыз

          • 16 Тамыз, 17:16

            Қонақ

            Алакай

            • 16 Тамыз, 18:50

              Қонақ

              Алауханов деген бұрын кім болган өзі?

              • 16 Тамыз, 21:02

                Қонақ

                Амантай Шәріпті қойса болар еді, бірақ ол келе ме?

                • 16 Тамыз, 21:21

                  Қонақ

                  Ей, қазақтар біріңді бірің жамандамай жүріңдерші. Оңып тұрған ешқайсыларың жоқ. Жерге немесе руға бөлініп, одан қалса топқа бөлініп бір біріңмен қырылып жүргендерің-ай қазақтың жігіттері. Ер азаматқа тән іс жасасаңдаршы. Ел мақтайтын. Ер азамат деген атқа лайықсыңдар ма? Осы бірінің үстінен бірі жазғыштарды мен ректор болсам университеттен аластатар едім. Ең болмаса студенттеріңнен ұялсаңдаршы. Сендер айтқан Жақып Бауыржанның да сыры белгілі. Кезінде факультеттен неге кеткенін өзінен сұраңдаршы? Оны біреу білсе біреу білмес. Бұрынғы декандардың ішіндегілердің ішінде сауы жоқ,әрине, тек Ғалия апайдан басқасының. Шіркін, Ғалия апайдың кезі жақсы еді ғой.Сол кезде журналистика факультеті біраз тазаланып,бағы жанып еді.

                  • 16 Тамыз, 21:21

                    Қонақ

                    Ей, қазақтар біріңді бірің жамандамай жүріңдерші. Оңып тұрған ешқайсыларың жоқ. Жерге немесе руға бөлініп, одан қалса топқа бөлініп бір біріңмен қырылып жүргендерің-ай қазақтың жігіттері. Ер азаматқа тән іс жасасаңдаршы. Ел мақтайтын. Ер азамат деген атқа лайықсыңдар ма? Осы бірінің үстінен бірі жазғыштарды мен ректор болсам университеттен аластатар едім. Ең болмаса студенттеріңнен ұялсаңдаршы. Сендер айтқан Жақып Бауыржанның да сыры белгілі. Кезінде факультеттен неге кеткенін өзінен сұраңдаршы? Оны біреу білсе біреу білмес. Бұрынғы декандардың ішіндегілердің ішінде сауы жоқ,әрине, тек Ғалия апайдан басқасының. Шіркін, Ғалия апайдың кезі жақсы еді ғой.Сол кезде журналистика факультеті біраз тазаланып,бағы жанып еді.

                    • 16 Тамыз, 21:21

                      Қонақ

                      Ей, қазақтар біріңді бірің жамандамай жүріңдерші. Оңып тұрған ешқайсыларың жоқ. Жерге немесе руға бөлініп, одан қалса топқа бөлініп бір біріңмен қырылып жүргендерің-ай қазақтың жігіттері. Ер азаматқа тән іс жасасаңдаршы. Ел мақтайтын. Ер азамат деген атқа лайықсыңдар ма? Осы бірінің үстінен бірі жазғыштарды мен ректор болсам университеттен аластатар едім. Ең болмаса студенттеріңнен ұялсаңдаршы. Сендер айтқан Жақып Бауыржанның да сыры белгілі. Кезінде факультеттен неге кеткенін өзінен сұраңдаршы? Оны біреу білсе біреу білмес. Бұрынғы декандардың ішіндегілердің ішінде сауы жоқ,әрине, тек Ғалия апайдан басқасының. Шіркін, Ғалия апайдың кезі жақсы еді ғой.Сол кезде журналистика факультеті біраз тазаланып,бағы жанып еді.

                      • 17 Тамыз, 01:03

                        Қонақ

                        кеширим сураймын арине, бирак журналистика факультети теги биртурли факультет! жеке ойым! негизи кез келген басшынынын тегине карамай, ел ушин, халык ушин аткарган кызметине байланысты сынау керек!!!! ал "Оқытушылар бірінің үстінен бірі өсек тасып, «студенттер сынақ пен емтиханның бағасын сатып алады», – дегендей қаңқу сөз көбейді де кетті. Тасада тұрып тас ататын, бірінің сыртынан бірі жамандап мақала жазатын өте ыңғайсыз үрдіс, қазіргі ҚазҰУ-дың журфагында байқалып отыр" - бул урдис Алауханов мырзанын келуимен байланыстырганы кызык екен, сонда Г.Жунусова апайдын енсесин сонша букил Республика алдында тусирер алдында жане кейн де студенттер мен окытушылар арасында айтарлыктай

                        • 17 Тамыз, 01:13

                          Қонақ

                          артык создер жургенин немен сипаттауга болады? PS жалпы айтады гой "халыкка лайыкты басшы береди" деп

                          • 17 Тамыз, 11:46

                            Қонақ

                            Тіптен, бүкіл елдің алдында ұят болды. Неге сонша майдаланып кеткен факультет? Бұған сол ұжымдағы бір азын аулақ топтар кінәлі деп есептеймін Кілең арызқойлардан факультетті тазарту керек, сонда ғана ауыз біршілік болатын шығар.Тек ,тырнақ астынан кір іздейтін өсекшілер жиналған сияқты, бір біріңнің сыртыннан жазып даттағанша ұжым болып бар шындықты ортаға салып, жиналып бір талқылау керек қой. Бір біріне кешірімшіл болу керек. Мынау азғана ғұмырда бір бірін сыйлап өткенге не жетсін.Бұл факультетке Темкеңдей талапкер басшы керек екен. Сонда мына өсек аяң тыйылар.

                            • 17 Тамыз, 13:20

                              Қонақ

                              Тіптен, бүкіл елдің алдында ұят болды. Неге сонша майдаланып кеткен факультет? Бұған сол ұжымдағы бір азын аулақ топтар кінәлі деп есептеймін Кілең арызқойлардан факультетті тазарту керек, сонда ғана ауыз біршілік болатын шығар.Тек ,тырнақ астынан кір іздейтін өсекшілер жиналған сияқты, бір біріңнің сыртыннан жазып даттағанша ұжым болып бар шындықты ортаға салып, жиналып бір талқылау керек қой. Бір біріне кешірімшіл болу керек. Мынау азғана ғұмырда бір бірін сыйлап өткенге не жетсін.Бұл факультетке Темкеңдей талапкер басшы керек екен. Сонда мына өсек аяң тыйылар.

                              • 20 Тамыз, 11:39

                                Қонақ

                                АЯЗБИ БЕЙСЕНҚҰЛВТЫ ҚОЙЫҢДАР ДЕКАНДЫҚҚА!

                                • 21 Тамыз, 18:08

                                  Қонақ

                                  Кәкен Хамзин болу керек қой.

                                  • 01 Қыркүйек, 15:06

                                    Қонақ

                                    Декандыққа келетін адамдар көп! Бірақ қазіргі оқу үдерісін игеру өте қиын. Қаптаған қағаз жүйке тоздырады. Журналистиканың оқу жүйесінде аудиториялық сабақтар аз болу керек. Біз кредиттік технология деп физик-математиктердің жүйесімен оқытып жүрміз. Бұл дұрыс емес. Ол туралы барлық оқытушылар осы күнге дейін айтып та, жазып та жүрміз. Журфакта білім алу әр студенттің өзіне байланысты. Кітапханада көп отыру керек. Мен Қожакеевтің кезінде журфакта білім алдым. Онда да тыныш кезең болған жоқ. Бірақ біз кітапханадан шықпайтынбыз. Өсек-аяңға мән беруге уақытымыз болмайтын. Оқытушының дәрісінен тек бағыт-бағдар ғана алдық. Қазіргі студенттер өз бетімен ізденбейді. Кітапханаға баратындар саусақпен санарлық. Сондықтан жақсы журналист боламын десеңдер, көп ізденіңдер. Әр жылдардағы декандардың өз жетістіктері бар. Алауханов та жаман жұмыс істеген жоқ. Журфакты көп биіктіктерге жеткізді. Ешкімді алалаған жоқ. Жұмыс істей алсаң Алауханов сен жақта, жұмыс істей алмасаң ол кісімен тіл табыса алмайсың. Еріксіз қашып жүресің. Алаухановқа тіл тигізудің қажеті жоқ. Жаман адам міншіл келеді дейді. Мінді өздеріңнен іздеңдер. Ешкім сендерге дайын асқа тік қасық жасамайды. Еңбекқор болу керек. Ол кісі журфакты біраз ретке келтірді. Ибраевамен де жұмыс істедік. Жұмысы шашыраңқы болды. Ештеңе түсінген жоқпыз. Қазір барлық мүмкіндік бар, тек пайдаланып қалу керек.

                                    • 12 Қыркүйек, 23:34

                                      Қонақ

                                      Алауханов декандық қызметті атқарып жүргенде "жайылып" кеткен ұстаздар қауымы да, студенттер де тәртіпке келген. Бір жылды бос өткізген жоқ, айтарлықтай игі істер қатқарды. Тек өзінің кейбір жағымсыз қасиеттерімен жасаған жақсылығын жуып-шайып жіберді.

                                      • 14 Қыркүйек, 21:23

                                        Қонақ

                                        Алауханов жақсы болса отырмады ма орнында он жыл.. Артынан су шықты. қолы да ары да таза емес болған ссоң журфак қуды да жіберді. Жақсы болса айырылмас еді айырылу керек болса алақанына салып арқасынан қағып астына ат мінгізіп шығарып салар еды. Ит терісін басына қаптад да жіберді журфак.

                                        • 19 Қаңтар, 19:14

                                          Қонақ

                                          Жолдастар! Сағатбек Медеубекұлы - аузын ашса жүрегі көрінетін, ақкөңіл, өз мамандығын жете меңгерген, алдына қойған мақсатын, немесе өзіне жүктелген тапсырманы орындамайынша ұйқысы келмейтін жаратылысы жоғары денгейдегі өте адал абзал Азамат! Сондықтан бұл Азамат факултет деканына, керек болса одан да жоғарғы лауазымға ие болатын Азамат екенін жұрт білетініне күмәніміз жоқ.Бұл айтылған біздің ортақ ойымыз.(Өсек-аяң - кейбір авторлардың өздеріне байланыстырылып айтылған жеке-дара арам ойлары деп білуіміз керек!)

                                          • 19 Қаңтар, 19:33

                                            Қонақ

                                            Сағатбек! Мен сенен алыс кеткелі біраз жылдар өтті. Мен жоғарыдағы авторлардың ойларына үңіліп, соңғысы нағыз психолог, кім болса да! Менің ойымды түсінген жолдастар өздері саралай жатар. Мен сенен үлкен үміт күтем!

                                            Жазылу

                                            Жарнама

                                            Қызық дерек

                                            23 МЛН. 102 МЫҢ АДАМ Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны осындай шамаға жеткен

                                            Халықтан хат

                                            Серіктестер

                                            Іздеу