2012-11-30 12:07:12
«АСТАНА» «ХАЛЫҚ СӨЗІНЕ» АЛҒЫС АЙТТЫ

«Халық сөзі» газеті 25 қарашада Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекелеріне орай журналистер арасында шағын футболдан турнир өткізгені белгілі. Осынау игілікті шараға ұйытқы болған газет ұжымына әріптестерімізден алғыс-тілектер келе бастады. «Астана» журналының бас редакторы Мақсат Тәж-Мұраттан келген алғыс хатта: «Халық сөзі» газеті өткізген шағын футбол турниріне «Астана» журналы ұжымы командасының қатысуына мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс айтамыз. Газеттің бастамашылдығы одан әрі жалғаса беретіндігіне және екі басылымның арасында әріптестік қарым-қатынас нығая түсетініне сенеміз» делінген. «Халық сөзі» газетінің ұжымы да турнирімізге рухани әрі ақпараттық демеу білдіргені үшін «Астана» журналындағы әріптестеріне алғыс айтады.
01 Желтоқсан, 15:54
қолдаймын, "халық сөзі" ылғи бастамашылдығымен көзге түседі. жас келсе іске деген осы шығар. аға әріптестеріне үлгі болып жүргені қолдарлық іс
Пікір қосу